ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Астана қаласы. ҚР ДСМ МСЭҚК Астана қаласы бойынша Департаменті вирусты инфекциялардың түрлерін анықтауды күшейтуде және тамақ өнімдерінде ГМО анықтау жұмыстарын кеңейтуде.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тамақ өнімдерін бақылау және аса қауіпті жұқпалы ауруларды диагностикалау бойынша мамандандырылған, зональды және референс зертханаларды ұйымдастыруды өзіне қосатын зертханалық қызметті одан әрі жетілдіру концепциясын орындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің «Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК базасында 2011 жылдың 29 тамызынан бастап осы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті мамандар жұмыс жасайтын зональды вирусологиялық зертхана құрылды.

Зональды вирусологиялық зертхананың негізгі мақсаттарының бірі – тұмаудың диагностикасы, жіті респираторлық вирусты инфекцияларды генді-молекулярлық деңгейде анықтау, жасуша тіндерінде тұмау штамын бөліп алу, бөлініп алынған тұмау штамының типін және подтипін анықтау. Бұл жұмыстар Астана қаласының аумағында жыл бойы тұмау вирусының айналымы мен өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл зертхананың ашылуымен тамақ өнімдерінде генді-молекулярлық деңгейде сапалық және сандық әдістермен ГМО анықтауға зерттеулер жүргізу кеңейеді, бұл зерттеулер республиканың 5 солтүстік өңірі (Қарағанды, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар) және Астана қаласы санитарлық қызметтерінде жүргізіледі.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ