ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-ның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, аса қауіпті және жаңадан пайда болатын инфекциялар референс-зертханасының базасында 2014 жылғы 10 - 21 қараша аралығында зооноздық инфекцияларды зертханалық диагностикалау бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының (бұдан әрі – ОСЭСО) аса қауіпті инфекциялар зертханаларының және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының (бұдан әрі – аудСЭСО) бактериологиялық зертханаларының бактериолог дәрігерлеріне арналған «Зооноздық инфекцияларды зертханалық диагностикалау» тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өткізілді. Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан ОСЭСО АҚИ зертханаларының меңгерушілері, Шығыс Қазақстан, Павлодар ОСЭСО және .Алматы қ. АҚИ зертханаларының бактериолог дәрігерлері, сонымен қатар Алматы облысының Талгар, Жамбыл, Ұйгұр, Алакөл, Іле аудСЭСО және Ақмола облысы Бурабай аудСЭСО бактериолог дәрігерлері дайындықтан өтті.

Цикл барысында дәріс берушілер зертханаларда биологиялық қауіпсіздік және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қорғану, патогендерді тасымалдау және сақтау, бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық, генетикалық және биологиялық әдістермен зооноздық инфекцияларды зертханалық диагностикалау мәселелері бойынша баяндама жасады. BSL2, BSL3 зертханаларына, биологиялық қауіпсіздік шкафтарын қолдануға қойылатын халықаралық талаптарға ерекше көңіл бөлді.

Курсанттардың қатысуымен бруцеллёзді серологиялық диагностикалау және зооноздық инфекцияларды бактериологиялық зерттеу көрсетілді. Сондай-ақ топқа бөлінген курсанттар күн сайын бокстарда жұмыс істеді, мұнда өз бетінше серологиялық, бактериологиялық зерттеулер және ПТР жүргізді.

Қорытынды күні барлық курсанттарға зооноздық инфекцияларды зертханалық диагностикалау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификат берілді.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ