ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

АҚШ, Новый Орлеан қаласында 2018 жылдың 27 қазан -1 қараша аралығында  ASTMH - Америкадағы  тропикалық медицина және гигиена қоғамының жылсайын өтетін 67 ғылыми конференциясы өтті. Осы  жылғы халықаралық  қатынаста өткізілген конференцияның жұмысына   100 елдің 4600 астам адамы қатысты: тропикалық медицина саласындағы мамандар, ғалымдар, гигиена қызметінің уәкілдері, қоғамдық денсаулық сақтау және жаһандық денсаулық саласындағы, Үкіметсіз мекемелердің мамандары, әскери зерттеушілер, клиницистер, студенттер.

            Конференцияның бағдарламасында тропикалық инфекциялық және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері қаралды: паразитология және эпидемиология, клиника, диагностика және емдеу. Сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету, санитария және гигиена, қоршаған орта мәселелері ұсынылды. Ғылыми сессия тропикалық аурулардың клиникасы, жаһандық денсаулық, протозология, безгек, филяритозалар, шистосомалардың, АИВ және тропикалық ко-инфекциялардың, вирусология, трансмиссивтік ауруларды таратушылардың, энтомология, молекулярлық паразитология, бактериалдық инфекция, туберкулез мәселеріне арналды.

Қазақстандық делегация құрамында ғылыми орталықтардың және қоғамдық  денсаулық сақтау қызметінің мамандары болды: СЭЭМ ҒПО, КЗИ М.Айкимбаев атындағы ҚҒО және БҚМ ҒО (Отар).

СЭЭМ ҒПО-нан   «Қазақстанның солтүстік аймақтарында кене энцефалитін жұқтыру қауіп-қатері» атты  постерлік баяндамамен б.ғ.к. Шапиева Жанна  Жақанқызы қатысты, баяндамада бірінші рет көрсетілген аймақтағы КЭ вирусының айналып жүруі бойынша кешенді зерттеудің қорытындысы ұсынылды. 

Зерттеу жұмыстары ДТРА, АҚШ Қорғаныс минитрлігінің қолдауымен өз құзіреті шеңберіндегі ТАР-10 жобасымен «Қазақстанның солтүстік аумақтары - Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарындағы КЭ эпидемиологиясы»  бойынша жүзеге асырылды.

tap

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ