ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Антибиотиктерге тұрақтылық қазіргі таңда адамзат үшін ең ауыр қатерлердің бірі болып табылады.  Бактериялар ауыса беретіндігі соншалықты, инфекциямен күресу үшін антибиотиктерге мұқтаж адамдардың организміне антибиотиктер ешқандай әсер етпейтін болған, және бұл құбылыс қазір адамдардың денсаулығы үшін ауыр қатерлердің бірі.

      2015 жылы ДДСҰ бас директоры Маргарет Чен Денсаулық сақтау дағдарысына алып келген бұл мәселені әлем қауымдастығының жете бағаламай отырғандығын айтты. Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пациенттердің тек 50% ғана айналымдағы препараттардың көмегімен емделе алады деген қорытындыға келді. Супербактериялардың салдарынан – антибиотиктердің әртүрлі түрлеріне төзімді микроорганизмдерден -жыл сайын жаңа туылған 200 мың сәби қайтыс болады. Аналитиктердің есептеуіне сәйкес, 2050 жылға қарай супербактериялардың экономикалық шығыны 100 триллион долларды құрайды. Осы уақытқа дейін супербактериялар  360 миллион адамның өмірін алып кетеді.

      Дәрілік затқа төзімділіктің артуы антибиотиктерді қолданудың үш себебіне байланысты болуы мүмкін: адамдар популяциясында; жануарлар популяциясында; адамдар арасында немесе жануарлар арасында резистенттік штаммдардың таралуы. Тұрғындарға антибиотиктерді қажет болған жағдайда ғана, дәрігердің тағайындауымен қолдану керек екенін білу керек.

Адамдар пайдаланатын антибиотиктердің тіпті жартысы қажет емес және қисынсыз. Мысалы, антибиотиктер вирустарға қарсы пайдасыз болса да, адамдардың үштен бірі әдеттегі суық тиіп ауырғанды емдеу үшін антибиотиктерді қолдану тиімді деп есептейді. Антибиотиктерді бір рет қабылдау, тіпті емдеу режимін сақтаған кездің өзінде бір айдан, мүмкін бір жылға дейінгі кезеңде адам организмінде осы антибиотикке микроорганизмдердің резистенттілік қаупінің  артуына әкеледі.

Ем тағайындайтын дәрігерлерге препаратты тағайындаудың бес ережесін қатаң ұстану керек: дұрыс пациент, дұрыс дәрі-дәрмек, дұрыс доза, дұрыс қолдану тәсілі және препаратты қабылдаудың дұрыс уақыты. Тар спектрде әсер ететін  антибиотиктер кең спектрде  әсер ететін антибиотиктермен салыстырғанда қолайлы, өйткені бұл мүмкін болатын жерде ерекше организмдерге тиімді және дәл бағытталған әсер ету кезінде резистенттіліктің пайда болуы мүмкін.

Үйде осы препараттарды қабылдайтын адамдар үшін дұрыс пайдалану туралы мәлімет өте маңызды. Медицина қызметкерлері тиісті санитарлық өңдеуді пайдалана отырып, тұрақты инфекциялардың таралуын барынша азайтуы мүмкін: оның ішінде қол жуу және пациенттер үшін дезинфекция. Пациенттерде, келушілер мен отбасы мүшелерінде мұндай санитарлық профилактиканы көтермелеу керек.

           2014 жылы ДДҰ мәлімдеді.    

 Адамдар мыналар арқылы тұрақтылықты іс-қимылға қарсы дамытуға көмектесе алады:

·            антибиотиктерді дәрігер тағайындаған жағдайда ғана пайдалану;

·            антибиотиктерді қабылдаудың тағайындаған режимін тіпті көңіл-күйі жақсарса да толық сақтау;

·            антибиотиктерді басқа адамдарға беруге немесе тағайындаған дәрілік заттардың қалдықтарын пайдалануға жол бермеу.

Медицина қызметкерлері мен фармацевтер мыналар арқылы тұрақтылықты іс-қимылға қарсы дамытуға көмектесе алады:

·            инфекцияның алдын алу және оған қарсы күрес жүйесін нығайту;

·            антибиотиктер шынымен қажет болған жағдайда ғана оларды тағайындау және сату;

·            осы ауруды емдеу үшін дұрыс антибиотиктерді тағайындау және сату.

Директивті органдар мыналар арқылы тұрақтылықты дамытуға іс-қимылға қарсы дамытуға көмектесе алады:

·            тұрақтылық пен зертханалық мүмкіндіктерді бақылау жүйесін нығайту;

·            дәрілік заттарды тиісті пайдалануды реттеу және көтермелеу.

Директивті органдар мен өнеркәсіп мыналар арқылы іс-қимылға қарсы тұрақтылықты дамытуға көмектесе алады:

·            жаңашыл жұмыс пен зерттеулерді нығайту және жаңа құралдарды әзірлеу;

·            барлық мүдделі тараптар арасында ынтымақтастықты кеңейту және ақпарат алмасу.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ