-
Жарияланды 15 Қараша 2018
Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы базасында 12 қарашадан бастап «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» тақырыбында оқу курсы өткізіліп жатыр.
Курс тыңдаушылары – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, ҚР ІІД, «Бакы-92» ЖШС мамандары және т.б.
Курстың оқу бағдарламасы радиациялық гигиенаның мынадай негізгі мәселелерін қамтиды: радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; иондаушы сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК); ИСК биологиялық әсері; медицинадағы радиациялық қауіпсіздік; қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы; жеке дозиметрлік бақылау; қоршаған орта мониторингі, оны бағалау; радиациялық қауіпсіздік саласындағы әдістер, зертханалық бақылау; дозиметрлік бақылау (радон, гамма-фон, метал сынықтары); дозиметрлік бақылау жабдықтары мен аспаптары, жүргізілген зерттеулер бойынша математикалық өңдеу және т.б.