ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2
Зең аурулары дерматомикоздар - трихофития және микроспория адамдар мен жануарларды зақымдайтын жұқпалы тері ауруларының қатарына жатады. Дерматомикоз ауруларының қоздырғыштары – саңырауқұлақтар, жануарлар мен адамдарда кездесетін түрлері көп. Ауру науқас адамдармен немесе ауру жануарлармен тікелей жанасу жолымен және тұрмыстық заттар (төсек, тарақ, қырыну заттары, жөке және т.б.) арқылы жұғады. Саңырауқұлақтар терінің үстіңгі қабаттарын да, сонымен қатар терінің терең қабаттарын да, шашты да зақымдайды. Дерматомикоздардың айқын маусымдылығы болады және олар өзгеше қатты жұққыштығымен ерекшеленеді. Отбасында және ұйымдастырылған ұжымдарда дерматомикоз ауруларының өршуі көбінесе күз-қыс мезгілдерінде тіркеледі. Республика бойынша жыл сайын 5 мыңға жуық дерматомикоз жағдайы тіркеледі, олардың ішінде ауырғандардың 70 пайызына жуығы 14 жасқа дейінгі балалар үлесіне тиесілі. Дерматомикозбен балалардың көп ауыруының себебі олар ауру көзі болып келетін мысықтың, иттің кішкентай балаларымен ойнағанды жақсы көреді. Балалар арасында дерматомикоз ауруының ең көп тараған түрі - микроспория. Микроспория ауруында бастың шаш бөлігі және жылтыр тері зақымдалады. Дененің терісінде, бетте және аяқ-қолда сақина тәрізді қызғылт түсті теңбіл, ақшыл-сұр қабықпен жабылған, жеңіл қышыма пайда болады. Шаш түскіш болып кетеді. Терінің терең зақымдануы көбінесе дененің ашық жерлерінде кездеседі. Терінің зақымданған жерлерінде, терінің қызғылттанған жерлерінде көбік тәрізді және қабықтанған түрі пайда болады. Көп зақымданған кезде элементтер қосылып, алқа тәріздес бөртпелер пайда болады. Көбікшелер кеуіп, жоғарғы қабыршақтар және түлеген таңбалар қалады. Дерматимакоздың алдын алу үшін: жеке гигиена қағидаларын сақтау қажет, қоғамдық көліктен кейін, қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу керек, көпшілік баратын монша, сауналарға барғанда аяққа жабық резеңке аяқ киім кию қажет, қаңғыбас жануарлардан аулақ жүрген дұрыс, үй жануарларын, иттерді, мысықтарды мал дәрігеріне көрсетіп, уақтылы ектіріп тұру керек.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ