ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСМҒПО-да Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Жиналысты аша отырып, мекеменің Бас директоры Еркін Ермекұлы Дүрімбетов Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. Біздің еліміз үлкен даму жолынан өтті, - деді Еркін Ермекұлы, - Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігінде біздің Президентіміздің атқарған еңбегі зор.

Мекеме ұжымы «Н.Назарбаев-ғасыр адамы» деген деректі фильмді қызыға тамашалады. 

Мерекенің тарихи алғышарты және негізі ретінде 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы оқиға алынды –алғашқы жалпыұлттық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ ССР-інің Президенті болып сайланды. Алғашқы Президент өз қызметін ҚазССР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы Заңға 1991 жылдың 10 желтоқсанында қол қоюдан бастады, ал 1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады.

Қазіргі таңда халықаралық қоғамдастық Қазақстанды заманауи демократиялық мемлекет ретінде мойындады. Бұл - 1990 жылдың 24 сәуірінде лауазымын бекіткен кезден бастап Республиканы басқарып келген Алғашқы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баға жетпес үлесі.    
2010 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш болып ОБСЕ-де төрағалық етті, ал Астана қ. дүниежүзі елдерінің өкілдері бас қосқан тарихи саммит өтті. 2017 жылы еліміздің астанасы халықаралық ЕХРО көрмесіне келген қонақтарды қарсы алды. Қазақстан мұндай ең жоғары дәрежедегі көрмені Орталық Азия және ТМД елдерінің ішінде алғаш рет қабылдады. Осының барлығы Н. Назарбаевтың үлкен халықаралық беделінің арқасында жүзеге асты.

2010 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы статусына ие болды.   Елбасымыз ТМД елдері басшыларының ішінде алғаш рет жыл сайын халыққа жолдау арнайды. 

СЭСжМҒПО қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай  «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.

den prizident

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ