ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2018 жылдың 28-29 қарашасында Шымкент қаласында лейшманиоздың өзекті мәселелері бойынша ДДҰ аймақтық тренингі өтті.

Санэпидсараптама және мониторинг ҒПО ұйымдастырған тренингке негізгі қатысушылар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау қызметіндегі  мамандары қатысты.

Баяндамамен қатысты ДДҰ эксперті А.Б.Званцов, СЭСжМ ҒПО мамандары Шапиева Ж.Ж. б.ғ.к. және Тастанова С.С.; С.Д.Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінен – Егембердиева Р.А. проф.м.ғ.д.; Шымкент қаласының Обаға қарсы станциясынан – Кулемин М.В.; Түркістан облысы ҚДСД – Халықова М.Ж., Медетов М.Ж.

 Тренингтің бағдарламасына сәйкес лейшманиоз ауруының эпидемиологиясының өзекті мәселелері мен әлемдегі және Қазақстандағы жағдайлары, оның клиникасы мен емдеу жолдары, диагностикасының жағдайы, таратушылардың биологиясы мен экологиясы, сонымен қатар эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу жағдайлары қаралды.

Практикалық сабақта лейшманиоз ауруын таратушылардың түрлік құрамын анықтау өткізілді, сонымен қатар висцеральды лейшманиоздың диагностикасын экспресс әдіспен анықтау демонстрацияланды.

ipid

Эпидемиологиялық жағдай. Түркістан облысында 2016-2017 жылдары тері лейшманиозы бойынша эпидемиологиялық жағжайының асқынуы байқалған, 310 жағдай тіпкелініп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 0,74-1,01 дейін, өткен жылдармен салыстырғанда 7 есеге дейін жоғарылаған.

 Қазір тері лейшманиозы бойынша жағдай тұрақтандырылған: 10 ай ішінде республика бойынша 18 жағдай (Түркістан облысында -14 жағ.) тіркелген, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш -0,1, оның 50 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Жылсайын әлемде 50 000–нан 90 000 – ға дейін висцеральды лейшманиоздың жаңа жағдайлары және 0,7-1,3 млн жағдай тері лейшманиозы тіркелінеді. ДДҰ бағасы бойынша 431 млн. халық тері лейшманиозымен, 616 млн. халық –висцаральды  лейшманиозбен сырқаттану қауіпі бар.

Қазіргі кезде  лейшманиоз бойынша эпидемиологиялық жағдайға  урбанизацияның  маңызы зор және  ошақтардың  солтүстікке таратылуы, ғаламдық ауа-райының жылынуы, лейшманиоз және АИВ коинфекциясы, емдеуге берілмейтін иммунокомпитенттік пациенттер санының көбеюі, негізгі висцеральді лейшманиоз ауруын таратушы – иттерді емдеудегі резистенттіктің өсуі т.б. ықпал етеді.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ