-
Жарияланды 29 Қаңтар 2019
«Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының базасында 28 қаңтардан бастап «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» тақырыбында оқу курсы өткізіліп жатыр.
Курс тыңдаушылары –«Қазпошта» АҚ, «Medical Partners Korea Qazagstan» ЖШС мамандары.
Курстың оқу бағдарламасы радиациялық гигиенаның мынадай негізгі мәселелерін қамтиды: радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; иондаушы сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК); ИСК биологиялық әсері; медицинадағы радиациялық қауіпсіздік; қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы; жеке дозиметрлік бақылау; қоршаған орта мониторингі, оны бағалау; радиациялық қауіпсіздік саласындағы әдістер, зертханалық бақылау; дозиметрлік бақылау (радон, гамма-фон, метал сынықтары); дозиметрлік бақылау жабдықтары мен аспаптары, жүргізілген зерттеулер бойынша математикалық өңдеу және т.б.