ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

hlapov

Қазіргі таңда халық арасында миграцияның қарқындауы, туризм мен сауданың өріс алуы, жаһандық ауа райының жылый түсуі, қолданылатын инсектицидтердің түрінің көбеюі мен ол препараттарға жәндіктердің бейімділігінің артып, дағдылануы, тұрғындар арасында тазалық шараларының сақталмауы себеп болып, төсек қандалаларының шапқыншылығы тек Қазақстанда ғана емес, Бүкіл Әлемдік мәселе болып отыр.Бұл  көпқабатты үйлерде тұратын қала тұрғындарының өзекті мәселелері.

Бір жылдары қалаларда таракандардың шапқыншылығы байқалған болатын, одан кейін бүргелердің, соңғы жылдары – төсек қандалаларының  шапқыншылығы өріс алып отыр.

Қала мекен-жайлары, әсіресе пәтерлерде (жатақханалардағы бөлмелерде) тұрғындардың тығыз орналасуы, қандалалардың көбеюіне  және олардың көшіп-қонуына ыңғайлы жағдай туғызады. Бұған біріншіден, пәтерлерді сырттан келетіндерге жалға беретін, оның ішінде жағдайлары жоқ тұрғындары бар аудандар жатады.

Көптеген пәтер жалдаушылардың бір пәтерден басқа пәтерге көшіп – қонуы арқылы  үй жиһаздарымен, дүние мүліктерімен бірге қандалалардың тасымалдануы дәлелденген.  Санитарлық нормаға сәйкес келмейтін, бір бөлмеде/пәтерде тұрғындардың тығыз тұруына болмайды.

Бәрімізге белгілі, қандалалардың шағуы түнгі уақыттарда болады. Қандалалардың шаққан жері ауырып,  қатты қышытады, психологиялық мәселелер, аллергиялық серпілістер, тері ұшықтыру, т.б. жағдайларын туғызады.

Төсек қандалаларымен күресудің тиімді әдісі – ол қандалалар мен олардың құрттарын жоятын өткір қоспасы бар препараттарды қолдану арқылы дезинсекциялық өңдеу жүргізу арқылы қыру.

Дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының тиімділігі жоғары болады, егер өңдеу жүргізу алдында қандалалардың шоғырланып орналасқан жерлерін анықтап алып, содан кейін сол пәтерді ғана емес, қандалалар ауа тартқыштар арқылы ауысатын болғандықтан, барлық кіреберістерді (подъезд),  барлық пәтерлерді бірдей тегіс өңдеу қажет.

Қандалалардың сүйікті жерлері – ол, қабырғалардағы түс қағаздардың, ірге бастырғылардың (плинтус) арты, жұмсақ жиһаздар мен шкафтардың іші және т.б. жерлер.

Өңдеу жүргізу кезінде қандалалардың ұрғашылары көп болса, онда 14-21 күн өткеннен кейін дезинсекциялық өңдеу жұмысын қайта жүргізу керек. 

hlapov dez

Қандалалардан құтылу үшін мамандандырылған мамандары бар, дезинсекциялық іс-шаралармен айналысатын мекемені шақыру керек.

Трагедиялық жағдайларды болдырмау үшін,  үй ішінде қолдануға рұқсат етілмеген препараттарды қолдануға жол бермеу қажет.

Қарапайым тазалықты сақтау шаралары – қандалалармен күресуде маңызы өте зор. Күнделікті өз дүние мүліктеріңізді, жиһаздарыңызды, жалпы бөлмелерді тексеріп тұру қажет. Әсіресе бұл өзекті мәселе, сапарға көп шығатын және қонақ үйлерде  көп қонатындарға, т.б. қатысты.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ