ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2019 жылдың 5-ші наурызында Алматы қаласында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы (бұдан әрі - СЭСМҒПО) базасында «Қазақстан Республикасында геморрагиялық  қызбалардың таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбына республикалық семинар өткізілуде.

         Семинарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекцияларды алдын алу департаментінің директоры, м.ғ.д. Ж.Е. Бекенов,  филиал консультанты, м.ғ.д., профессор А.М. Айкимбаев, м.ғ.д., профессор Егембердиева және ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК -ның, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның, ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК-ның «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығы» филиалы, ҚР ДСМ  «М. Айкимбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ның, Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің, ҚР ДСМ ҚДСК-нің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның филиалдарының, ҰСО  «Дезинфекция орталығы» филиалының мамандары қатысты.

Және де семинарға сырқаттанушылықты бақылау және алдын алу Америка орталығының, Людвига Максимилиана университетінің және С. Асфендияров атындағы медицина университетінің мамандары қатысып,  сырқаттанушылық жағдайын дүниежүзілік стандарт бойынша анықтау, Конго Қырым геморрагиялық қызбалардың қазіргі таңдағы клиникалық-эпидемиологиялық белгілері, биоқауіпсіздік, қауіп-қатерді бағалау, зертханаішілік жұқтырудың кейбір аспектілері және зертханалық диагностикасы бойынша баяндама жасады.

Семинарды негізгі қаралған мәселе Қазақстан Республикасына геморрагиялық қызбалардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша негізгі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, эпизоотиялық және эпидемиялық жағдайлары. ҚКГҚ вирусының таралуы және  тұрғындардың ҚКГҚ-дан сақтану жағдайы және геморрагиялық қызбалардың күрделі мәселелері қаралы.

Becenbaev

CMI CGL

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ