ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қай уақытта қай халықта болсын, әйел болмысымен қоғамдағы тыныштық пен ынтымақтастық, ана махаббаты мен жылуы, отбасындағы татулық пен береке, бала тәрбиесі мен оның денсаулығы, адалдық, шынайылық пен жан тазалығы тығыз байланысты. 8 наурыз – ең керемет, таңғажайып және әдемі мейрам. Көктем айналаны түгел  құлпыртып, әйел адамның нәзік болмысына тән сұлулықпен
келеді.       
         Директор орынбасарының уақытша міндетін атқарушы С.В.Казаков Орталықтың әйел қауымын құттықтай отырып, олардың алға қойған мақсаттарын орындауда ыждаһаттылық пен сенімділік көрсететіндігін, зертханаларды басқарып, басқармаларға басшы болып отырғандығын, әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша жауапты істерді атқаратындығын атап өтті.

Әйел арайлы шуақ секілді нәзіктік пен сұлулыққа бөлейді.  
        «Отбасы құндылықтарының беделін арттыру, ана мен баланы қолдау егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттары болып табылады», - деді «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы С.О.Тастанбаев. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әйелдің отбасы ұйытқысы ретіндегі ерекше рөлін айрықша айтып өтті, өйткені мемлекет негізі – бұл отбасы, оны сақтау - әйелдің мойнында.    

Қазіргі замандағы әйел ұрпақ сабақтастығын сақтай отырып, дәстүрлі отбасылық құндылықты үйлестіреді, сонымен қатар іскерлік қасиеттерін де көрсетеді. Әйел белсенділік танытып, мақсатқа сай өмір ағымымен күресе алады. Әйел адам бәріне үлгереді - өнегелі ұрпақ тәрбиелейді, үй шаруасын дөңгелетіп әкетеді, кәсіби қызметімен де айналысып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Мұндай нәзік жандылар еліміздің мақтанышына айналады.
           Мереке күні Орталықтағы әйел қауымының құшақтары көктем гүліне толды, сүйікті әндерін тыңдады, шын жүректен айтылған құттықтау сөздерді қабыл алды, жақсы көңіл-күйде болды.

 Біз әйелдердің әсемдігінің, шыдамдылығының, сенімінің және өмір сүйгіштігінің алдында бас иеміз. Әрбір әйелдің үйіне көктем лебімен бірге бақыт, махаббат, береке және шаттық кірсін.                                           
          Көңілдеріңіз көктемдей жарқырасын, жүректеріңізден мейірім, көздеріңізден бақыт нұры, бастарыңыздан бақ кетпесін! 

8mart 1

8mart 2

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ