ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Зиянкес жәндіктердің ішінде кенеден келер қауіп көп, соның бірі Конго  Қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ) бұл инфекция ел арасында «Көкала» атымен тараған.

Өкінішке орай, өткен 2018 жылы елімізде Көкала жұқтырған адамдардың 22,2% - ы қайтыс болды.

Сонымен, КҚГҚ немесе Көкала қалай жұғады? Кене шаққанда, кенені жалаң қолмен езіп, жаншу, жануарларды сою, бөлшектеу кезінде және індетпен ауырған науқастың қанымен жанасу арқылы жұғады.

cine1

КҚГҚ немесе Көкала адамдарда қалай білінеді? Адам ауырғанда дене қызуы көтеріледі, бас, буын және бел ауырады, құсу, лоқсу, өзін – өзі ауырсыну, қалтырау, тоңу, дірілдеу, қан сұйылып, қан (мұрын, тістің қызыл еті) кетеді, денеде қан бөртпелері байқалады. Назар аудару керек: егер адам дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе, өлім жағдайымен аяқталады.

Айта кету керек, КҚГҚ инфекциясы адамдардың жас ерекшелігіне қарамай, зақымдауы мүмкін. Әсіресе елді мекендерде үй шаруашылығымен (мал, қора тазалау, шөп жинау, мал бағу) айналысқан адамдарда (балалар, жасөспірімдер, ересектер) көп кездеседі. Мысалы, 2017 жылы өз итінің құлағында жабысып тұрған кенені жалаң қолмен алған 13 жасар бала КҚГҚ жұқпасынан 1 аптаға жетпей қайтыс болды. 

Көп жағдайда тұрғындар арасында кенеден қорғаныш шараларын сақтамауына байланысты, ауырған науқастар денсаулықтары күрт нашарлап, шарасыз қалған жағдайда ғана дәрігерлік көмекке жүгінеді. Кене шағудан зардап шеккен адамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгінгені өте маңызды және уақытылы мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Кенелер кандай жерлерде болады? – Қора - жайларда, үй және ауылшаруашылық жануарларда, қи - қоқыста, құс ұясында, тышқан інінде, өсімдік түбінде, шеңгел, жыңғыл бұтақтарында болады. Аналығы 5-18 мыңға жуық жұмыртқалайды. Адам ағзасының температурасын 100 метр қашықтықта сезеді, жүру жылдамдығы 5-7см/с, кене қорексіз бірнеше жыл тіршілік етеді. Адамдар мен жануарларға көптеген аса қауіпті жұқпалы ауру жұқтырып, зиянын тигізеді және жұқпалы вирусты 25 ай сақтап, ұрпақтарына береді.

Кене шаққанда денеден кенені қалай алуға болады? - Кенені жалаңаш қолмен ұстамаңыз, себебі жұқпалы агент терінің шырышты қабығы немесе зақымдануы арқылы енгізілуі мүмкін. Бұл сақтық, әсіресе, үй жануарларынан кенелерді алатын адамдарға қажет. Ауру жұқтыруға неғұрлым бейім балалар мен иммунитеті әлсіз адамдар кенелерді алмауы тиіс.

-       Үшкір пинцетті және резеңке қолғаптарды қолдану керек;

-       Кенені денеден алған кезде пинцетті теріге жақынырақ ұстау қажет. Кененің ауыз бөлігі теріде қалмауы үшін теріден баяу және ұқыпты, жұлқымай, асықпай алу керек;

-       Кенені алғаннан кейін кене шаққан жерді дезинфекциялық затпен мұқият өңдеп және қолды сабынмен жуу қажет;

-       Кененің денесін зақымдамау керек, себебі ол патогенді болуы мүмкін;

-       Алынған кенені ыдысқа салып, герметикалық қақпақпен жабу керек;

-       Кенеге керосин, май, ацетон немесе басқа да сұйықтықтарды жағуға, сондай-ақ кенені теріден бөлу үшін қыздыруға болмайды.

cine2

Кенеден калай қорғануға болады? - Әр адам жеке басының қауіпсіздігі және кенеден қорғану үшін - табиғатқа шығатын тұрғындар мен саяхатшылар ұзын жеңді көйлек киіп, жеңдерін түймелеп, ұзын балақты шалбарды шұлықтармен қымтап кию керек, аяқ киім, бас киім киіп, өзімен бірге дененің ашық жерлеріне себетін репелленттерді дәрілік заттарды алып жүру қажет және өзінің, қасындағы адамдардың денесінде кененің бар жоғын жиі тексеріп отыру керек.

КҚГҚ – на қолайсыз елді мекендерде мал қораларын және маңайын, үй - ішін т.б. дезинсекциялау, тұрғын үйлерде, мал қораларында кенелердің болмауын қадағалау керек. Бұл жұмыстар міндетті түрде мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуы шарт.

Ауырған адамдардың қаны үй заттарына жанасудан сақтанған жөн. Маңайдағы керексіз заттар, мал қораларындағы қи - қоқыстар жиналып өртелуі тиіс. Малды механикаландырылған шомылдырғыштарда тоғытқан дұрыс.

Естеріңізде болсын, әр адам сақтық шараларын сақтай отырып, ауруды ауыздықтай аламыз.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ