ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСжМҒПО-ның паразитология бөлімінің дәрігер-зертханашысы С.С. Тастанова 2012 жылдың қараша айында Ресейдің Мәскеу қаласында безгектің және лейшманиоздардың диагностикасы бойынша 2 апталық халықаралық курстан өтті.

***

Иммунопрофилактика бойынша халықаралық оқу семинары

(2012ж. қыркүйек, Алматы қ.)

ҚР ДСМ Мемсанэпидқадағалау комитетінің бастамасы бойынша 2012 жылғы қыркүйекте «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК базасында СПбМПМУ БА және КҚДФ балалар жұқпалы аурулары кафедрасымен, И.И. Мечников атындағы СБММУ педиатрия кафедрасымен бірлесіп (Ресей) «Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық мастер-класс ұйымдастырылды: Алматы, қыркүйек, 2012ж.

***

СЭСжМҒПО базасында халықаралық тренинг-семинар өткізілді

Гендік-түрлендірілген организмдер(ГТО)құрамындағы тамақ өнімінің қауіпсіздігінзерттеу шеңберінде 2012 жылғы 7-8 маусымда «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» (СЭСжМҒПО) базасында Германиядан, Украинадан келген сарапшылармен бірге халықаралық тренинг-семинар өткізілді.

***

Италиядан мамандардың білім алуы

Тамақ өнімдерін гендік-түрлендірілген организмдерге (ГТО) зерттеу, Қазақстанның ДСҰ-ға ену кезеңінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жүйесін жетілдірудің шетелдік тәжірибесін үйрену саласында халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық шеңберінде 2012 жылғы 26 наурыздан 30 наурызға дейін Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының (СЭСО) мамандары гендік-түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктерден және жануарлардан алынған тамақ өнімін зерттеу мәселелері бойынша Италияда, Милан Университеті базасында оқудан өтті.

***

СЭСжМҒПО-ның паразитология бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж.Шапиева 2012 жылдың наурыз айында Францияның Монпелье қаласында өткен лейшманиоздардың молекулярлық диагностикасы жөніндегі халықаралық ДДСҰ тренингіне қатысты.

***

2012 жылғы 10-11 қыркүйекте ҚР ДСМ МСЭҚК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК базасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2012 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына, медициналық қалдықтарды басқару саласындағы іс-қимылды жетілдіруге, Қазақстан Республикасында инфекциялық аурулардың профилактикасы бойынша іс-шараларды күшейтуге сәйкес «Медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару», «АІИ профилактикасы және дезинфектологияның өзекті мәселелері», «Дезинсекция мен дератизацияны заманға сай ұйымдастыру және жүргізу проблемалары» атты Халықаралық тренинг өткізілді.

Тренинг жұмысына БҰҰДБ медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару саласындағы халықаралық сарапшы Павел Глюшинский, Rohde KG (Германия) компаниясының президенті Карл Хайнз Родэ, Ресей Федерациясының ғалымдары мен жетекші мамандары, «Медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру» бағытының басшысы Юлия Захряпина, «Фармстандартмедтехника» ЖШҰ, «Дезинфекция» бағытының басшысы Ольга Краюшкина, «ВТВ-Сервис» ЖШҰ (Мәскеу қ.), химия ғылымдарының кандидаты Татьяна Махонина қатысты.

Сондай-ақ, ҚазҰМУ инфекциялық аурулар кафедрасының профессоры Ж.С.Нугуманова , Қазақстан Республикасының Ұлттық Дезинфекционистер Ассоциациясының президенті Б.А.Танкеев, ҚР-дағы DGM Phamra-Apparate Handel AG өкілділігінің басшысы И.В.Кравченко, «Алма-Фармтек» ЖШС қазіргі заманғы дезинфекциялаушы құралдарының отандық өндірушілері, «Рамтэк» ЖШС компаниясының өкілдері, Мемсанэпидқадағалау департаменттерінің, ОСЭСО-ның мамандары, дезинфекциялық станцияларының бас дәрігерлері, медициналық мекемелердің орынбасарлары және жеке меншік дезинфекциялық ұйымдардың басшылары, барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Тренингте медициналық қалдықтарды кәдеге жаратудың альтернативтік әдістері, қалдықтарды өртемей жою, денсаулық сақтау ұйымдарында, дезинфекция және стерилизация саласында гигиеналық антибактериялық төсемдерді қолданудың жаңа технологиялары, заманауи ОСБ жұмысының принциптері, заманға сай дезинфекция, дезинсекция және дератизация препараттарын қолдану ұсынылды.

Тренингке қатысушыларға Алматы қ. №4 қалалық клиникалық ауруханасының жаңадан ашылған корпусымен таныстыру ұйымдастырылды, мұнда ОСБ жаңа технологияларының және заманауи жабдықтарының жұмысы көрсетілді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ