ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Американың микробиологтар қауымдастығының (АСМ) 114-жалпы конференциясы өтті

АҚШ-тың Бостон қаласында Американың микробиологтар қауымдастығының (АСМ) 114-жалпы конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты – АҚШ, Еуропа, Азиядағы әр түрлі институттарда жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындыларымен таныстыру. Қазақстаннан барған делегацияның құрамында (5 адам) СЭСжМҒПО, ҚКЗИҒО, Орал қаласының обамен күрес станциясының мамандары болды. СЭСжМҒПО атынан директор Ш.Жандосов және паразитология бөлімінің бастығы Ж.Шәпиева қатысты және бруцеллез, кене энцефалиті және риккетсиоздың эпидемиологиясы бойынша зерттеулердің қорытындысы стендтік баяндама (3) түріндекөрсетілді. Сонымен қатар конференцияға қатысушылар дәрістер мен семинарларға, медициналық/зертханалық аспаптардың көрмесіне қатысты.

***

Мақаланы рәсімдеу талаптары

  • Басылған жұмысты электронды түрде беру қажет, көлемі компьютерлік мәтін А 4 форматта, 4 беттен кем болмауы қажет;
  • Windows 98/2007/XP; Microsoft Word 2003/2007 бағдарламада;
  • Шрифт көлемі 14 pt, Times New Roman, KZ Times New Roman;
  • Жол аралық интервал - 1, жаңа жол – 1,25 см, баспа парақ үлгісі – кітаптық;
  • Мақала мәтініне (тезистер, қабырғалық баяндамаға) толықтыруларға қатысу үшін өтініш беріледі (үлгісі бірге ұсынылып отыр).

Қолданылған әдебиет тізімі мәтінді көрсетілген тізім бойынша белгіленуі тиіс және төрт бұрышты жақшамен қоршалуы қажет. Шетелдік авторлардың аты–жөні толық жазылуы тиіс. Қысқатулар мен белгілер толығымен мәтінде түсіндірілуі қажет.

Мәтінді редакция қысқартуға және түзетуге құқылы.

Өңдеу үлгісінің талаптарына сәйкес келмеген мақалалар қабылданбайды.

Конференцияға қатысуға өтініштер мен тезистерді 2013 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберілуі қажет:

  1. Тіркелуге қажетті пошталық аударма 3000 теңге (20$) көлеміндегі төлемді қоса жіберу қажет;
  2. Жариялануға арналған материалдарды электронды түрде (дискіде, флэш-картада немесе электронды поштамен) жіберуге болады. Электронды пошта мекен-жайы: E.mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ;
  3. Материалдарды, баяндамаларды, ұсыныстар және пошталық аударма квитанциясының көшірмесі электрондық пошта арқылы жіберуге болады, түбіртектің түпнұсқасын материалдарды алған кезде ұсынады. Мақалаға міндетті түрде баспа шығынының ақысы туралы ақпаратты беруі қажет (күні, түрі және төлеген сомасы).
  4. Ақша аударымдарын мына есепшотқа жіберуге болады: 050002, Алматы қ-сы, Мақатаев к-сі, 34, ҚР ДСМ МСЭҚК «Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» РМҚК

ИИК KZ 19914398914BC03247

«Банк ЦентрКредит» АҚ

БИК SABRKZKA КБЕ 16

КБЕ 16

БИН 990240008195

Немесе қолма қол мына мекен-жайға: 050002, Алматы қ-сы, Мақатаев к-сі, 34

Анықтама телефоны: 397-75-20; 397-75-03

E-mail: www: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРУ (ЖҮКТЕУ)

***

«Иммунизацияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық конференциясы

2013 жылы 17 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы және Комитеті және «Вакцинология» қоғамдық бірлестілігі инициативасы бойынша «Иммунизацияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық конференциясы өтті.

Халықаралық конференцияға Рессейден және Литвадан ғалымдар шақырылды, оның ішінде: Мәскеудің вирусология институтының доценті, медицина ғылымдарының докторы Бурцева Елена Иванова, Вильнюс қаласының балалар орталығының директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Витаутас Усонис.

Халықаралық конференциясының жұмысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар және Алматы облысы мен Алматы қаласының иммунизация саласындағы иммунологтары, эпидемиологтары, педиатрлары қатысты.

Бұл конференция Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 22-27 сәуірі арасында «Өз әлеміңді қорға – вакцинация ал!» атты лозунгпен өтетін Еуропалық иммунизация апталығына дайындалу алдында өткізілді.

Вакцинация – инфекциялық аурулармен күресу барысында ең тиімді шара ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының имунизация стратегиясында тұрғындардың иммунизацияға қол жетімділігі қарастырылады. Оны іске асыру барысында айқын, мақсатты белгілі топтар да анықталған. Мекен жайына байланысты егу жұмыстары жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарында тегін түрде жүргізіледі. Шалғай аудандардағы елді мекендерде егу жұмыстары жылжымалы бригадалар көмегімен іске асырылады.

Өз сөзінде Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Шалғынбай Жандосов былай деді: «Халық арасында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың қолайлы эпидемиологиялық ахуалын сақтау үшін медицина қызметкерлерімен қатар ата-аналардың балалардың денсаулығына деген жауапкершіліктерін тілектес түрде арттыру қажет».

Epid4

Epid5

***

«Вакцинация және вакцинацияның тиімділігі» атты Халықаралық конференциясы

2013 жылы 16 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық Комитеті және «Вакцинология» қоғамдық бірлестілігі инициативасы бойынша «Вакцинация және вакцинацияның тиімділігі» атты Халықаралық конференциясы өтті.

Халықаралық конференцияға Рессейден және Литвадан ғалымдар шақырылды, оның ішінде: Мәскеудің балалар иститутының профессоры медицина ғылымдарының докторы, академик Таточенко Владимир Кириллович, Мәскеудің вирусология институтының доценті, медицина ғылымдарының докторы Бурцева Елена Иванова, Вильнюс қаласының балалар орталығының директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Витаутас Усонис.

Халықаралық конференциясының жұмысына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар және иммунизация саласындағы иммунологтар, эпидемиологтар, педиатрлар қатысты.

Конференцияда вакцинамен басқарылытын инфекциялардың заманауи эпидемиологиялық ахуалы, ҚР иммунизациялық бағдарламасы және оның стратегиясының жетістіктерінің көкейтесті мәселелері талқылынды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 – ші ақпанында бекітілген номері 119-шы Қаулысы бойынша Қазақстан Ұлттық Егу күнтізбесіне енгізілген толтырулар және өзгертулер тілге тиек болды.

Халықаралық конференция аясында қатысушы қонақтар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне интервью беріп, пресс-конференция ұйымдастырылды.

Мәскеудің балалар институтының профессоры медицина ғылымдарының докторы, академик Таточенко Владимир Кириллович:

- Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу кестесі басқа ТМЖ мемлекеттерінің кестесінен сапалы түрде прогрессивтілігімен және жоғары сапалы, қауіпсіз вакциналарды дер кезінде енгізуімен ерекшеленеді. Соңғы 5 жылдан бері республиканың егу кестесінде Хиб-инфекциясына қарсы вакцина енгізілген. Яғни, вакцина енгізгенге дейін бұл Хиб-инфекциясы жылына мыңдаған нәрестелердің өмірін үзіп отырған болса, аурудан айыққандарының арасында мүгедектікке әкелген жағдайлары өте жоғары; Қазақстанда енгізілген пневмококқа қарсы вакцинацияның нәтижесінде жылына жасы 1 жасқа дейінгі бір мыңдай баланың өмірі сақталынып қалуда; сонымен қатар полиомиелитті мемлекетте жою нәтижесінде инактивтелген вакцинаны кең түрде енгізуге мүмкіншілік болып отыр; Бұл керемет жетістік - Қазақстан ғалымдары мен дәрігерлерінің бірлесіп жұмыс істеулерінің нәтижесі, яғни бұл иммунизация Ұлттық консультативтік Комитетінің жұмысы. Ұлттық егу кестесіне қандай да бір вакцинаны енгізу алдында Ұлттық консультативтік комитеті терең зерттеп, талқылайды. Бұндай Комитетті ұйымдастыру барысында да Қазақстан мемелекеті көптеген мемлдекеттердің, оның ішінде Ресей мемлекетінің алдында, - деп атап өтті.

Елена Бурцева (Мәскеу қаласы, Ресей):

- Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан халықтың өмірінің сапасын жақсартуға, өмірін ұзартуға балалар мен аналардың арасындағы өлім-жітімдікті төмендету арқылы жетуге өте жоғары деңгейде көңіл қоятындығын баса айтқым келіп отыр. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2012 жылы Қазақстанда жүкті әйелдерді тұмауға қарсы егу бағдарламасы іске асырылуда. Бұл егу жұмыстары жүктілік кезінде әйелдерді ғана тұмаудан сақтап қана қоймайды, осы тұмауға қарсы егілген аналардың жасы 6 айға дейінгі нәрестелерінің арасында да тұмаудың өте ауыр асқынуларынан сақтайды.

Усонис Витаутас (Вильнюс, Литва):

Еуро өңіріндегі көптеген мемлекеттердің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификациясынан өткенінен кейін өз мемлекеттерінде вакцинаның сапасын және оның қауіпсіздігін қосымша тексеруге қаржылық мүмкіншіліктері жоқ. Қазақстанда бұндай қосымша тексеру халықаралық стандарттарға сай Республикалық иммунобиологиялық зертханада жүргізіледі екен.

Epid1

Epid2

Epid3

***

Иммундау бойынша сарапшылардың Еуропалық техникалық топ кеңесінің жұмысына қатысу

(2012ж. қазан, Копенгаген қ., Дания)

2012 жылғы 3 - 4 қазан аралығында Копенгагенде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы ұйымдастырған иммундау бойынша сарапшылардың 12-ші Еуропалық техникалық топ кеңесінің отырысы өтті, оған 20-дан астам елдің өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясын ҚР ДСМ Мемсанэпидқадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М. Бекшин басқарды.

Kopengagen

***

СЭСжМҒПО мамандарының вакцинация бағдарламалары бойынша сарапшылар кеңесінің отырысына қатысуы туралы

(2012ж., қыркүйек, Туркия)

Стамбул қаласында (Туркия) 2012 жылғы 7-8 қыркүйекте адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бағдарламалары бойынша сарапшылар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры Ш.Ө.Жандосов, СЭСжМҒПО-ның эпидмониторинг бөлімінің эпидемиологтары (А.М.Қуатбаева, О.В.Иманғалиева), Н. Назарбаев университетінің ғалымы Т.С. Нұрғожин, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғалымдары (м.ғ.д., профессорлар С.А. Амиреев, А.Г.Нажмеденова) қатысты.

turkey

***

GDD ауруларын Ғаламдық анықтау бойынша жыл сайын өтетін 3-ші кеңес (2012ж., наурыз, Атланта қ., АҚШ)

СДС/GDD (Атланта қ., АҚШ) ұйымдастырған 2012 жылдың 15 наурызынан 16 наурызына дейін GDD ауруларын Ғаламдық анықтау бойынша жыл сайынғы 3-ші кеңес жұмысына «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директорының орынбасары В.Н. Шеянов және бөлім бастығы А.М. Қуатбаева қатысты.

А.М. Қуатбаева «ҚР-да тұмауды шолушы эпидқадағалау жүйесіне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу туралы» атты баяндама жасады.

Қазіргі уақытта он-лайн есеп беру жүйесіне республикадағы шолушы эпидқадағалау жүйесін жетілдіруге жауапты 7 МСЭҚ Департаментінен бөлек Петропавловск пен Астана қалаларының медициналық ұйымдары енгізілді.

atlanta

***

Шолушы эпидқадағалау жүйесін жетілдіру туралы

(2012ж., наурыз, Атланта қ., АҚШ)

2012 жылғы 11 наурыздан бастап 14 наурызға дейінгі аралықта АҚШ-тың Атланта қаласында 70-тен аса елдің өкілдері қатысқан «Дүние жүзінде ЖРВИ/тұмауды эпидқадағалау» атты халықаралық конференция өтті. Қазақстан делегациясын «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директорының орынбасары В.Н. Шеянов басқарды.

Халықаралық конференция жұмысына Қазақстаннан СЭСжМҒПО (А.М. Қуатбаева– эпидмониторинг бөлімінің бастығы), ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің (Наурзалина Гүлбахыт «Орал қаласында 2008-2011 жылдардағы эпидкезеңде АЖРИ-ді эпидемиологиялық қадағалаудың шолушы жүйесін енгізу нәтижелері» тақырыбында сөз сөйледі), Маңғыстау облысының Ақтау қ. бойынша МСЭҚБ (Оразова Камила «Ақтау қаласында соңғы 2 эпидкезеңде ТТА-ны эпидемиологиялық қадағалаудың шолушы жүйесін енгізу нәтижелері, 2008-2011 ж.» тақырыбында баяндама жасады) және Астана қ. бойынша МСЭҚБ (Махметова Ғалия «Қазақстан Республикасында 2008-2011 жылдардағы эпидкезеңде АЖРИ-ді эпидемиологиялық қадағалаудың шолушы жүйесін енгізу нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады) мамандары қатысты.

Жоғарыда аталған барлық еңбектер қайтадан пайда болатын инфекциялық ауруларға арналған халықаралық конференция еңбектерінің жинағына енгізілді (Атланта қ., 2012ж.).

***

Ротавирустық вакцинаны енгізу жөніндегі халықаралық кеңестің жұмысына қатысу туралы (2012ж. наурыз, Осло қ., Норвегия)

«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-нің мамандары 2012 жылдың 13 наурызынан бастап 14 наурызына дейін Норвегияда, Осло қаласында өткен ротавирустық вакцинаны иммундау бағдарламасына енгізу мәселелері бойынша халықаралық кеңестің жұмысына қатысты.

Oslo_2012

***

Иммундау жөніндегі Ұлттық консультациялық комитет (ИҰКК) құру туралы (2012ж. ақпан, Алматы қ., Қазақстан)

2012 жылғы 23 сәуірде Алматы қаласында «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-нің базасында «Иммундау жөніндегі Ұлттық консультациялық комитет құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы №116 бұйрығына сәйкес құрылған Иммундау жөніндегі Ұлттық консультациялық комитеттің (ИҰКК) ресми ашылуы өтті.

ИҰКК ашылуына Халықаралық вакциналар институтының директоры Christian Loucq, SIVAC жобасының техникалық кеңесшісі Нямбат Батмунх, ҚР ДСМ Мемсанэпидқадағалау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшин, Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, ҚР ДСМ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ғалымдары, эпидемиологтары, иммунологтары, инфекционистері және санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының жетекші мамандары, клиникалық иммунологтар мен неврологтар қатысты.

almaty_02.2012

***

СЭСжМҒПО-ның паразитология бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж.Шапиева 19.12.2012ж Германияның Бонн қаласында өткен ДДСҰ Еуропалық бюросының «Еуропа елдерінде балалар арасында геогельминтоздарды жою әрекеттерінің стратегиялық жоспары туралы» кеңесі жұмысына қатысты және «Қазақстанда паразиттік аурулар бойынша жағдай, бақылау және профилактика» атты баяндама жасады.

***

СЭСжМҒПО-ның паразитология бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж.Шапиева 2012 жылдың қыркүйек айында, Туркияның Стамбул қаласында өткен «Ғылыми жобаларды шолу» халықаралық конференциясы жұмысына «Қазақстанда риккетсиоздарды эпидемиологиялық қадағалау» атты баяндамамен қатысты.

***

Паразитология бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж.Шапиева атынан СЭСжМҒПО халықаралық жоба шеңберінде 2012 жылғы қыркүйекте, Испания, Мадрид қаласы, Еуропаның ветеринарлық медицина қоғамының жыл сайын өтетін ғылыми конференциясы жұмысына «Қазақстанда кене энцефалитіне қарсы вакцинациялау тиімділігі» атты стенд арқылы баяндама жасап қатысты.

***

СЭСжМҒПО-ның паразитология бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж.Шапиева халықаралық жоба шеңберінде 2012 жылғы маусымда, АҚШ, Сан-Франциско қаласы, Американың микробиологтар қоғамының жыл сайын өтетін ғылыми конференциясы жұмысына «Қазақстандағы кене энцефалитінің эпидемиологиялық ерекшеліктері» атты стенд арқылы баяндама жасап қатысты.

***

СЭСжМҒПО-ның паразитология бөлімінің дәрігер-зертханашысы С.С. Тастанова «Технологияларды беру мен денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу» жобасы шеңберінде 2012 жылдың сәуір айында Латвияның Рига қаласында өткен «Тағам өнімдеріндегі паразитологиялық көрсеткіштерді зерттеудің заманауи әдістері» атты семинар жұмысына қатысты.

***

«Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді» сұрақтарына жиналыс өтті толығырақ...

24.03.2011. Аурушаңдыққа эпидемиологиялық қадағалау бойынша жыл сайынғы ғылыми шолу кеңестері өткізілді. толығырақ...

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ