ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы", "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің колдауымен Еуропалық иммундау апталығы қарсаңында 2019 жылдың 2 сәуірінде "Жұқпалы ауруларды вакцинамен алдын алудың өзекті мәселелері" тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияда халықты жаппай егу өзекті мәселелері, оның ішінде вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурлардың сипаттамасы, әлемдегі иммундау бағдарламаларында қолданылатын жекелеген заманауи вакциналарды және оларды қолданудың тиімділігі, қызылшаға қарсы жоғары тәуекел топтарын қосымша иммундау және 2019 жылы Еуропалық иммундау апталығы ұйымдастыру және өткізу туралы баяндалды.

Конференцияны ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының" директорының орынбасары Хавсемет М. Х. Ашты, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директоры Сүлейменова Ж. Н., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жоғары денсаулық сақтау мектебінің директоры Ошибаева А.Е. құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда Қазақстанның, Ресей Федерациясының иммунопрофилактика саласындағы жетекші сарапшылар мен ғалымдарының  баяндамалары тыңдалды.

Аталған іс-шараға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің облыстық, қалалық Департаменттіернің эпидемиолог-дәрігерлері, Денсаулық сақтау басқармаларының дәрігер-педиатрлары, жалпы практика дәрігерлері және иммундау мәселелеріне жетекшілік ететін мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының өкілдері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақ Ұлттық медициналық универстиетінің қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистранттары қатысты.

Конференция "Вакцинология" қоғамдық бірлестігінің техникалық қолдауымен  өткізілді.

imun

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ