ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

maliar

Жыл сайын 25 сәуірде Дүниежүзілік безгекпен күресу күні өткізілуде,           2007 жылы безгекке қарсы сапалы күресуді қамтамасыз ету үшін ғаламдық  күшейту қажет ету керектігін ескеру мақсатында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы құрылды.  

Дүниежүзілік  безгекпен  күресу күні халықты  безгек және оның алдын алу бойынша мәліметтермен хабардандырудың маңызды сәтті жағдайы болып табылады.

Безгек – Анофелес текті масалардың шағуы арқылы берілетін паразиттік ауру. Ауырған науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырап, бауыры мен көкбауыры ісініп үлкейеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшыларының  сраптауымен жылына 200 миллион адам безгек  індетін жұқтырады, оның ішінде шамамен 660 мыңы өліммен аяқталады. Ауырғандардың шамамен 90 пайыз жағдайы Африканың оңтүстік Сахара аудандарына тиесілі; Азияның, Латын Америкасының, Таяу Шығыс және Европа елдерінің бірқатар аумақтарының тұрғындары да безгек індетімен ауырады. Індетті жұқтыру қауіпі бойынша ерекше  топқа бес жасқа дейінгі балалар жатады.

Қазақстан аумағындағы   ауа-райының жылы болуына байланысты Анофелес текті масалардың көбеюіне ыңғайлы жағдай қалыптасқан, оңтүстік аумақтарда безгек масаларының 5-7 түрі анықталған. Қазақстандағы қазіргі заманғы жағдайларға байланысты жергілікті безгек індетінің тіркелуіне жол берілмей, безгек ауруының эпидемиологиялық жағдайы бірқалыпты. Жылсайын республикамыздың аумағында бірлі-жарым сырттан әкелінген безгек ауруы тіркелінуде.

 2012 жылы ДДСҰ  Генеральді директоры  М.Ченнің  шешімімен Қазақстан безгектен еркіндік алған ел статусын алды.

Еліміздің ДДСҰ бұл статусына ие болуға   жергілікті жерде індеттің   ары қарай таралуына жол берілмей  және безгек бойынша жақсы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыздандыру бойынша республикамыздың денсаулық сақтау ұйымының жоғары баға алуы себеп болды.  Бұл шешім Қазақстан үшін ерекше қоғамдық резонанс болып табылады: еліміз безгектен тазартылып, эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің арқасында,   халықаралық қатынасты, бизнес пен туризмді одан әрі қарай дамытуға  адекваттық  және ашық жол  ашылды.

Республикамызда  безгекке  эпидемиологиялық  қадағалауды,  науқастарды уақтылы анықтап, емдеу бойынша профилактикалық кешендік іс-шараларды, індетті тасымалдайтынтындармен күрес  пен мониторингті, мамандарды дайындау және тағы басқа іс-шараларды  денсаулық сақтау қызметі  жүргізеді.

Эндемиялық елдерге барғанда  қажетті профилактикалық шараларды қолдану арқылы  аурудың болдырмауға болады: тропикалық безгектің химиопрофилактикасын  алу,  масаның шағуынан сақтану үшін репелленттер мен электрофумиганттарды қолдану, шымылдықтың ішінде ұйықтау, ашық түсті киім кию, дененің ашық  жерлерін  калдырмай,  ұзын жеңді, балағы бар киім кию.  Егер ауырған жағдайда тез арада медицина көмегіне жүгіну қажет.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ