ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ РМК "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының базасында "Менингококк инфекциясының алдын алу шаралары туралы" дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының басшысы М.А.Смағұл, инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының бас маманы Л.К.Касабекова, инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу басқармасының эпидемиолог дәрігері  А.М.Сатаева ұйымдастырып, өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласының Мұсылмандар діни басқармасының өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.  

Дөңгелек үстелде әлемдегі және Қазақстандағы менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, менингокококк инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселелері және қажылыққа бара жатқан адамдар арасында инфекциялық  аурулардың алдын алу шаралары және қажылық сапарға барушыларға арналған  негізгі талаптар талқыланды. 

Қажылық жасау - мұсылман өміріндегі маңызды оқиға, өткен күнәларды кешіріп, өмірдің парқын таразылып қайтуға және оны жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік алу. Жыл сайын қажылық кезінде Меккеге 2,5 миллионнан астам мұсылман барады. Сауд Арабиясының аумағына келген әрбір қажылық жасаушы адам менингитке қарсы егу туралы сертификатты көрсетуге міндетті, ол Сауд Арабиясы Корольдігіне барғанға дейін кем дегенде 10-14 күн бұрын төрт компонентті вакцинаны алуы тиіс.

Созылмалы аурулары бар науқастарға кеңес:

Денсаулық жағдайын білу үшін қажылыққа барар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Өзімен бірге жеткілікті дәрі-дәрмек алып, оларды дұрыс сақтау қажет.

Браслет (немесе ақпараттық картаны) тағып алу керек, онда аты-жөні, жасы, сырқаты, емдеу түрі, мекенжайы және байланыс ақпараты көрсетілген.

Топ жетекшісіне немесе қажылық етушілерге қажет болған жағдайда сізге көмектесуі үшін өзіңіздің сырқатыңыз және дұрыс дәрі-дәрмектер туралы айтып беріңіз.

Қажылық сапарда жасалынатын шарттарды (мысалы, сіздің атыңыздан тас лақтыру рәсімін жасау үшін біреуді тағайындау) орындауда көп күш жұмсап, қатты берілуден байқаңыз.

Қажет болған жағдайда жақын жердегі медициналық орталыққа барыңыз. Қажылық кезіндегі жалпы аурулар:

Қажылық пен Умра салттарын орындау кезінде қажылық жасаушы адамдар қажылық маусымына байланысты мынадай ауруларға тез шадығады, соның ішінде:

• Респираторлық аурулар.

•  Асқазан-ішек (ас қорыту) аурулары

• Тамақтан улану

• Дерматология (тері аурулары)

• "Құрғақ көз"синдромы. 

• Күн өту және қатты күн өту.

Респираторлық аурулар:

Диарея (іш өту):

Іш қату:

Жүрек айнуы және құсу .

Қажылық кезінде тамақтан улану: 

Алдын алу:

- тамақтанар алдында және тамақтанғаннан кейін қол жуу;

- жеміс-жидектерді қолданар алдында жуу;

- бір қажылық-сайттан екіншісіне өту кезінде дайындалған тағамды автобустарда сақтауға жол бермеу. Бұл қажылық кезінде тамақтан уланудың негізгі себептерінің бірі болып саналады;

- су ішуге және тамақ дайындауға арналған таза суды, сондай-ақ консервіленген минералды суды пайдалану ұсынылады;

- краннан немесе мұз текшелерінен су ішпеу;

- таза ыдыстар мен тарелкаларды пайдалану. Бір рет қолданылатын тәрелкелер мен шыныаяқтар қолайлы;

 

- азық-түлікті дұрыс сақтау, жарамдылық мерзімін сақтау керек.

minincoc

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ