ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстан Республикасы бойынша күнделікті сағ. 8,00-ден 24,00-ге дейін вакцинация бойынша, с.і. қызылшаға қарсы вакцина туралы сұрақтарыңызға жауап беретін қауырыт желі сіздер үшін қызмет етеді. Байаныс номері  88000-700-830 (телефон шалу тегін)

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

mmm1

Бірнеше ұрпақтарға жалғасын тапқан  9 мамыр мерекесі сонау сұрапыл қырқыншы жылдары Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен, әлемді фашизмнен сақтап қалған және өскелең ұрпаққа өмір сыйлаған барлық солдаттар мен офицерлердің қаһармандығының және жанқиярлығының символы болып табылады. Бұл күні дәстүр бойынша кеңестік солдаттардың және тыл еңбеккерлерінің өшпес ерліктерін еске аламыз, бастан кешкен майдандандар мен шайқастардың ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз.    

Қазақстанда жыл сайын Отан қорғаушы күні 7 мамырда атап өтіледі. Осы күні 1992 жылы Ұлттық Қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойылған. Бұл күн бір уақытта қазақстандықтардың қаһармандық ерліктерінің жылнамасын және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді.  Қазіргі күні Орталық Азия өңірінде Қазақстан ең қуатты әскери потенциалға ие болды. Жылдан жылға Қарулы күштерге деген халықтың құрметі арта түсуде, қоғамда армияның беделі артуда.Қазақстанда Қарулы күштердің дамуына, олардың соғысқа қабілеттілігінің артуына үнемі көңіл бөлінуде. Әскери қызметкерлердің кәсібилігін ары қарай арттыру шаралары қолданылуда, әскери қызметтің беделі арта түсуде.        
"СЭСжМҒПО" филиалында Отан қорғаушы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. ҚР ДСМ "ҚДСҰО" ШЖҚ-ғы РМК "СЭСжМҒПО" филиалының директоры Жанар Сүлейменова құттықтау сөз сөйлей отырып, ең алдымен бұл ұлы мерекенің елдің әр азаматы үшін маңыздылығын атап өтті, бейбіт аспан астында өскен ұрпақтың аласапыран қырқыншы жылдары шайқас далаларында өзінің өмірін құрбандыққа шалып,

 

Ұлы Жеңісті жеткізгендерге, тылда аянбай еңбек етіп, майдангерлерді қолдағандарға деген ризашылығы туралы айтты. «Біз аталарымыздың, арғы аталарымыздың ерліктерін мақтан тұтамыз, олардың қаһармандықтарының алдында басымызды иеміз, соғыссыз өмір сүріп жатқанымыз үшін ризашылығымызды білдіреміз» -деді Жанар Нұрланқызы. «Кәсіпорнымыздың барлық ер азамттарына денсаулық пен жақсылық тілейміз, сіздердің істеген жұмыстарыңыз, бізге үнемі жасайтын қамқорлықтарыңыз және көрсеткен қолдауларыңыз өте маңызды».      
"СЭСжМҒПО" филиалының ұжымы үлкен мерекелік бағдарлама ұйымдастырды, бұл бағдарламада соғыс жылдарының әндері  мен  әуендері шырқалды, көңілді конкурста кәсіпорынның ер адамдары зеректік пен тапқырлықтарын, күш-қайрат мен ептіліктерін көрсетті.    

 mmm2

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ