ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Мамыр 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

Алматы қаласында 14-18 мамыр аралағында гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдердің жазылуы жөнінде мамандарды оқыту бағдарламасы бойынша семинар өтті.

Семинар жұмысына ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ-ғы РМК-ның «СЭСжМҒПО» филиалының радиологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Мухаббат Бурханова қатысты.

Семинарды қазақстандық институттардың мамандарын даярлау шеңберінде CRDF Global компаниясының мамандары жүргізді.

Семинар барысында жобаны жоспарлау мәселелері, ғылыми зерттеу жүргізудің тәсілдері, медициналық зерттеу барысында адамдармен этикалық қарым-қатынас жасау хаттамалары, грант алуға арналған өтінімдерді қарау процесін көрсету (топтық жаттығу), өтінім бюджеттері, биографиялық очеркті дайындау және т.б. қаралды.

2018 жылдың 23 сәуірінен бастап «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» базасында (бұдан әрі - СЭСМҒПО) С.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медицина университетінің 3-ші курс студенттері радиациялық гигиена бойынша оқу-өндірістік практикадан өтеді.

Практикалық сабақты СЭСМҒПО радиологиялық зерттеу зертханасының мамандары - зертхана меңгерушісі Бұрханова Мухаббат Низамқызы, дәрігер-лаборант Азнаков Бахтияр Курванұлы жүргізеді.

ҚР ДСМ ҚДСК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК базасында 16 сәуірден бастап «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» тақырыбында оқу курсы өткізіліп жатыр.

Курс тыңдаушылары – «ҚР ҰҚК академиясы» ММ, Қызылорда облысының ішкі істер департаменті мамандары.

Курстың оқу бағдарламасы радиациялық гигиенаның мынадай негізгі мәселелерін қамтитын болады: радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; иондаушы сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК); ИСК биологиялық әсері; медицинадағы радиациялық қауіпсіздік; қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы; жеке дозиметрлік бақылау; қоршаған орта мониторингі, оны бағалау; радиациялық қауіпсіздік саласындағы  әдістер, зертханалық бақылау; дозиметрлік бақылау (радон, гамма-фон, метал сынықтары); дозиметрлік бақылау жабдықтары мен аспаптары, жүргізілген зерттеулер бойынша математикалық өңдеу және т.б.

Дүние жүзінде  жыл сайын 25 сәуірде Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күні (World Malaria Day)аталып өтеді, ол 2007 жылы мамыр айында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 60-шы сессиясында жарияланған болатын. Бұл күн безгекке қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету бойынша ғаламдық күш-жігерді насихаттауға арналған.

2018 жылы  Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күнін ДДСҰ  серіктестік ұйымдармен бірлесіп «Безгекті жеңуге даярлық» деген ұранмен өткізеді. Бұл тақырып осы аурудан дүние жүзін тазартуға ұмтылыс жасауда безгекке қарсы күресушілер қоғамдастығын біріктіреді. Ол 2017 жылы Безгек туралы дүниежүзілік баяндамада атап өтілген телегей табыстар мен заманауи үрдістер жөнінде де еске түсіреді.

Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күнінің мақсаты бұл безгек проблемасына және оның алдын алу шараларына мамандар мен жұртшылықтың көңілін аударту,  ал тиімді іс-шаралар жүргізу  масштабын кеңейтуге халықаралық серіктестіктер мен қорлардың назарын салғызу.

Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күнін өткізу осы ауруға қарсы күресте жеткен жетістіктерді де көрсетеді. Соңғы жылдары ауру таратушыларға қарсы күрестің жаңа шаралары, оның ішінде жаңа  химиялық  инсектицидтер формуласы әзірленді.  Биыл  Гана, Кения және Малавидің жекелеген аудандарында  дүние жүзінде безгекке қарсы RTS,S деген алғашқы вакцинаны қолдана бастады, ол клиникалық сынақ барысында жас балаларды безгектен ішінара қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді.

2016 жылы әлемдік  масштабта  сырқаттанушылықтың артуы байқалды - 91елде 216 млн безгек ауруы, 2015 жылы  211 млн безгек ауруы тіркелді. 2016 жылы безгек дүние жүзінде  445 000 адамның өліміне себепші болды, 2015 жылы 446 000 адамның өліміне себепші болды. Безгектің 80% ғаламдық ауыртпалығы 15 елге келеді, олардың көбі Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан. ДДСҰ бас директоры д-р Тедрос Адханом Гебрейесус «2017 безгек туралы дүниежүзілік баяндамада» атап көрсеткендей, «безгекке қарсы ғаламдық күрестің бұрынғы қарқынына оралудың маңызы осы аурудан айрықша зардап шегіп отырған африка елдеріне қолдау көрсеткен болады».

Қазақстанда безгек бойынша жағдай тұрақты болып келеді. 2012-2017 жылдары эпидемиялық салдарсыз безгектің сырттан әкелінген 12 жағдайы тіркелді. Барлық безгек жағдайлары алыс шетелден (Үндістан, Ауғанстан, африка елдері) әкелінген. Сонымен қатар, безгектің жергілікті берілуінің әлеуетті қаупі  өте қолайлы жағдай болатын республиканың оңтүстік өңірінде сақталынып отыр: табиғат-климат жағдайы, эпидемиялық мәні бар таратушылардың болуы, халықтың қарқынды көші-қоны және т.б. 

Безгек бойынша қолайсыз елдерге барған кезде жергілікті эпиджағдаймен және қауіпті аудандармен таныс болу керек. Ауру жұқтыру қаупін азайту мақсатында бірқатар қауіпсіз жүру қағидаларын сақтау қажет. Бұл  - репелленттер мен инсектицидтерді қолдану. Киген киім ашық түсті, маса шақпайтындай денені жауып тұру керек. Түнде шымылдық астында ұйықтау қажет. Тропикалық безгектің міндетті химия профилактикасы өте маңызды шара болып табылады. Безгекті жұқтыру күдігі туған жағдайда ауруды уақытылы диагностикалау және емдеу мақсатында 24 сағат ішінде медициналық көмекке жүгіну керек.

   Республика аумағында кене энцефалиті мен кене  боррелиозы (Лайм ауруы) сияқты кене инфекцияларының берілу кезеңі келе жатыр. Бұл инфекцияларда, кейбір ортақ сипатына (таралу аймағы, бір таратушы) қарамастан, айрықша клиникалық және эпидемиологиялық сипаттамалары болады.

  Қазақстанда кене энцефалитінің дәстүрлі таралу аумақтары Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қ. төңірегі және соңғы жылдары - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары (белгілі бір аудандар) болып табылады.

  Кене боррелиозымен сырқаттанушылық, негізінен, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында кездеседі. Кене энцефалитінің әлеуметтік және медициналық жағынан айтарлықтай маңызы бар.

   Кене  энцефалиті – бұл жұқпалы, табиғи-ошақты,  вирусты ауру, негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайды, өте ауыр өтеді, мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін.

  Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі  3 күннен 21-30 күнге дейін созылады, орташа есеппен 7-10 күнге созылады. Негізгі берілу жолы - трансмиссивті, яғни иксод кенелері шаққаннан болуы мүмкін, бірақ қоздырғыш ешкінің (сиырдың) шикі сүті арқылы берілуі мүмкін, сонымен қатар ауру жұқтырған кенелермен жанасқан кезде терідегі микротравма (шырышты) арқылы берілуі де мүмкін. Ауру қоздырғышы -  кене энцефалитінің вирусы.

  Кене  боррелиозы - жұқпалы, табиғи-ошақты, бактериялық ауру. Оның белгілері ауқымдылығымен сипатталады, олардың ішіндегі ең танымалы -  ауыспалы сақина тәрізді эритема. Кене боррелиозы кезінде әртүрлі ағзалар мен жүйелер зақымданады: тері, жүйке жүйесі, жүрек және буындар. Ауруды ертерек анықтаған жағдайда және дұрыс ем алған кезде антибиотиктердің көмегімен көбінесе жазылып кетеді. Уақытылы диагностика мен ем алмаса,  емделуі қиын созылмалы ауруға өтіп кетеді. Ауру  қоздырғышы (боррелилер) иксод кенелерінің шағуы арқылы беріледі. Кене боррелиозы кезінде инкубациялық кезең 3 - 32 күнді құрайды.    

  Республиа аумағында кенелердің белсенділік кезеңі, табиғат-климат жағдайларына байланысты, наурыз-сәуірден  маусымға (маусымды қосқанда) дейін, республиканың шығысы мен солтүстігінде тамыз - қыркүйекке дейін байқалады. Кене энцефалитімен және кене боррелиозымен сырқаттанушылықтың тіркелуі, негізінен мамыр-маусым айларына келеді, бұл таратушылар санының өршуіне байланысты болады.

  Кене энцефалитін және кене боррелиозын жұқтыруды болдырмау мақсатында кенелер мекендейтін жерлерге барған кезде алдын алу және қауіпсіз жүру шараларын сақтау керек. Бұл – арнайы киімдер мен кенелерді үркітетін құрал репелленттерді пайдалану. Егер күнделікті киетін киімді пайдаланатын болса, онда киім ашық түсті болып,  дененің ашық жерлерін жауып тұруы тиіс; бас киім міндетті түрде болу қажет.  Әр 15 минут сайын киген киімді кененің бар-жоқтығына көз жеткізетіндей тексеріп қадағалап отыру керек. Табиғат аясынан қайтқан кезде  кенелердің жануарларда бар-жоқтығын қадағалап, терген гүл шоқтарын қырағы тексерген жөн. 

   Кене энцефалитінің ерекше алдын алу шараларына вакцинация жатады, қазіргі кезде бұл ауруға қарсы жалғыз сенімді құрал – екпе жасату болып табылады. Қазақстанда жыл сайын кене энцефалитінің табиғи ошағының аумағына келуіне байланысты болатын тәуекел топтарына вакцинация жүргіледі. Вакцинаны салуды күздің соңына қарай бастау ұсынылады, бұл алғашқы егу, екіншісі бір айдан кейін, үшіншісі бір жылдан соң, сосын кейін қайта егу үш жыл ішінде салынады. Эндемиялық аумақта тұратын тұрғындарға да кенеге қарсы вакцина салу ұсынылады.

     Кене боррелиозының арнайы алдын алу шаралары жете зерттелмеген.

   Кене шаққаннан кейін белгіленген медициналық ұйымға қаралу қажет, онда зардап шеккендерге кенеге қарсы иммуноглобулинмен жедел профилактикалық ем жүргізеді, ал қарсы көрсетілім болған жағдайда кененің кене энцефалиті вирусымен жұқпалануына алдын ала зерттеу жүргізіледі. Препарат кене шаққан сәттен бастап алғашқы үш күн ішінде тиімді.

Алматы қаласының тұрғындарына арналған серопрофилактика пунктері:

1) Бостандық, Медеу аудандарының тұрғындары үшін - Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосав көш, 6);

2) Алмалы ауданының тұрғындары үшін – Қалалық шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көш, 96);

3) Жетісу, Түрксіб  аудандарының тұрғындары үшін – 4-ші қалалық клиникалық ауруханасы (Папанин көш, 220);

4) Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін –  7-ші қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман);

5)  15 жасқа дейінгі балалар үшін –  Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көш, 40).

 Басқа эндемиялық аумақтарда кене энцефалиті серопрофилактика пункттері ірі қалалық стационарлар, орталық аудандық ауруханалар базасында да ашылады.

   Медициналық көмекке жүгіну  мүмкіндігі болмаған жағдайда арнайы құралдарды, жіптерді т.б. пайдаланып, кенені өз бетінше алу қажет. Кенені    шығару үшін оған май тамызып, жалаң қолмен қозғауға рұқсат етілмейді.   Кене шаққан жерді дезинфекциялаушы құралмен өңдеу керек.

   Алматы қаласында кене энцефалиті вирусының түрлерін анықтап, кене энцефалиті қоздырғышын жұқтыруды айқындау үшін «Санэпидсараптама және мониторинг ҒПО-да» (Әуезов көш., 84) тел. 375 58 66, кенелерге зерттеу жүргізіледі.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны