ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Мамыр 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

Көк желекті көктеммен бірге  8 наурыз да көңілге қуаныш сыйлай келеді. Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында СЭСжМҒПО-да салтанатты жиналыс өтті, мекеменің бас директоры Еркін Дүрімбетов жиналысты аша отырып, былай деді:

 - Әйел заты – жылулық пен бақыттың символы, отбасы ошақ қасының ұйытқысы. Бұл күні әйел адамның жүзі жарқырап, көңілі марқаяды, қазіргі таңда жер шарындағы адамдарға осы жетіспей жатады. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді. Көптеген әйелдер өз ісінің шынайы маманы, өз кәсібінің  нағыз кәсіпқой шебері екендігін көрсетіп, қарамағындағыларға қамқор болып, талантты басшы болып жүр, мұны, әрине, бағалауға болмайды. Біз әйелдерге махаббаты үшін, беріктігі үшін, өмірімізге сән беретін нәзіктігі мен жарасымдылығы үшін дән ризамыз. Әдемі де көрікті, нәзік  жандарға зор денсаулық, бақ пен береке, қуаныш пен шаттық тілейміз.

Көктемгі мерекелік концерт ешкімді бей-жай қалдырмады, көңіл қошын келтіретін әндер шырқалды. Мерекелік іс-шарада мекеме басшысының Құрмет грамотасымен ӘҚЕД директоры Р.О.Сарсембаева, Пестицидтер токсикологиясы зертханасының санитаркасы С.А.Елфутина, аса қауіпті инфекциялар зертханасының санитаркасы А.М.Мустафинова; «Нұр Отан» Бостандық аудандық филиалының Алғыс хатымен эпидемиолог дәрігердің көмекшісі С.А.Алпысбаева, Метрология және стандарттау басқармасының технигі Д.Т.Ауғанбай; Салалық Кәсіподақтың Құрмет  грамотасымен ісқағаздарды жүргізу маманы Н.С.Молдабаева, АҚЕжСЭМД  инженері Н.К.Кожахметова, ПИ зертханасының фельдшер-лаборанты А.А.Жанбаева марапатталды. 

      Аяулы нәзік жанды әріптестер, сіздерге сәттілік пен жақсылық тілейміз!          

    Республиканың қоғамдық денсаулық сақтау органдары  тұрғындарға  таратылатын ауыз судың сапасын  үнемі бақылауда ұстайды.

  Орталықтандырылған сумен жабдықтау  жүйесінің ауыз су сапасы өткен кезең ішінде тұрақты болып қалып отыр. 

 

          2017 жылы  судың  30172  сынамасы зертханалық жағынан тексерілді, олардың  ішінде  микробиологиялық  көрсеткіштер бойынша  739 сынама немесе 2,4% сәйкес келмеді  (2016 жылы  - 2,6%). 

Қазақстанның Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.  

СЭСжМҒПО-да ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтеді.

    1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі  Республиканың Тәуелсіздігі мен мемлекеттің егемендігі туралы заң қабылдады.

       Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мемлекеттілігіміздің қалыптасу, ұлт бірлігінің нығаю, нарық экономикасын құру жолдарынан өтті.

Жиналысты аша отырып, СЭСжМҒПО Бас директорының орынбасары Алена Магай ұжымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Біздің еліміз үлкен даму жолдарынан өтті, - деді Алена Владимировна. Қазақстанның Тәуелсіздігі еліміздің көп ұлтты халқының маңызды жетістігі. Осы уақыт ішінде Қазақстан орасан әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді, әлем мойындаған елге айналды. Біз көп жұмыс атқардық, алда тағы атқаратын көп жұмыс тұр. Қиыншылықтан қашпау керек, көп еңбектену қажет және өзінің ісін, өзінің кәсібін жақсы көру керек. Қазір жас мамандарды, жас ғалымдарды  қолдау үшін көп істер атқарылып жатыр, осы бағытта Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі көптеген жұмыстар атқаруда, біздің қызметте атқаратын үлкен жұмыстар бар, барлығымыз шешімін табатын жаңа міндеттер тұр. Н. Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстан ең үлкен экономикалық жетістіктерге жете отырып,  мемлекеттіліктің беріктігі мен жалпыға танымал демократиялық құндылықтарды дамыту арасындағы оңтайлы балансқа ие болды.  

Қоғамда саяси тұрақтылық және ұлтаралық келісім берік орнады. 

Мереке қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша СЭСжМҒПО-ның бірнеше мамандары халықтың санитариялық-эпидемиололгиялық салауаттылығын қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі үшін марапаттауларға ие болды. ҚҰ ДСМ-нің Құрмет грамотасымен мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маман Ұ.С.Исаева, ҚДСК-нің Құрмет грамотасымен АҚИ РЗ меңгерушісі Г.М.Омашева, ҚДСК-нің Алғыс хатымен  виварий меңгерушісі Р.Б.Мухамедиярова марапатталды. Мекеменің «Құрмет грамотасымен» КжҚЖҰД директоры Д.М.Абденбеков, ЭжБЕД бас экономисті Д.Т.Тумашева, СГМжТБД санитарлық дәрігері Н.Б.Қожахметов, ТӨҚжБХЗРЗ меңгерушісі Г.Ш.Жайлаубекова, ПИРЗ меңгерушісі С.С.Тастанова, «Алғыс хатымен»  ЭжБЕД бухгалтері М.А.Ахат,  СГМжТБД эпидемиолог дәрігері А.М Сатаева, АҚЕжСЭМД маманы А.А.Бекмуратов, МжСБ инженер-метрологы А.Н.Берекетова, «РАЙ» ЖШС агенттігінің бастығыА.Б.Абдуллин, «Рай» ЖШС агенттігі объектісінің бастығы А.С.Жанбаев марапатталды.

 

СЭСжМҒПО-да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған жиналыс өтті.  

Қысқа уақыт ішінде Қазақстан орасан әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді, әлем мойындаған елге айналды. Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері Тұңғыш  Президентіміздің салиқалы көрегенді саясатына байланысты. Қазіргі таңда әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстан құрылды,- деді сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев. Жаңа Жолдауында Президент  мемлекет дамуының дағдарыстан кейінгі кезеңінде қазақ қоғамының жаңадан құру жолдарын жүргізуге мүмкіндік беретін 10 қадамды атап өтеді. Бұл индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру,  құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын "қайта жаңғырту", жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, "ақылды ұлттың" "ақылды қалалары", тиімді мемлекеттік басқару.   

Бүгінде біздің мемлекетте Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар, және болашақ Қазақстан дәрігерлері қазіргі таңда  барлық медицина саласы мен бағыты бойынша өздерінің шетелдік әріптестерімен шын мәнінде өзара байланыста болып, оқи алу мүмкіндіктері бар.     

        Елбасының жаңа Жолдауындағы негізгі аспектілерді талқылай отырып, биылғы Жолдау барлық қазақстандықтарға, соның ішінде медицина қызметкерлеріне қатысты нақты практикалық істер мен міндеттердің бағдарламасы екендігі атап өтілді. Біздің Президенттің қазақ медицинасындағы істердің жай-күйі туралы жақсы хабардар екендігін Елбасының әр Жолдауынан аңғаруға болады. Осы жылғы Жолдауда біздің медицинаның барлық жанды жері көрсетілген, әсіресе мемлекеттің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша міндет қойылып, ерекше рөл беріледі. Негізгі басымдықтар айқыдалған, әлемдік тәжірбиеде осы жүйенің тиімділігі дәлелденген. Бұл жаңа міндеттерді игеру жұмысына үлкен дайындық.        

          Қазақстандық медиктер уақыт талабына лайықты жауап бере білуге тиіс. Қазіргі кезде дүние жүзінде жаңадан аурулар, инфекциялар пайда болуда, оған тиімді тосқауыл қойып, емдеу түрлерімен ең заманауи жағдайда қарсы тұра білу қажет.  Қазақстандықтардың денсаулығын нығайту ісінде, салауатты өмір салтын қалыптастыруда СЭСжМҒПО өз шама-шарқынша үлес қосуда. Бірнеше қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы күрес жүйесін ары қарай жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктер қолда бар. Біз бүгінде бәсекелестік ортада жұмыс істейміз, бұл біздің мамандарымыз үшін үлкен ынталандыру.

         Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қиындықтардан қорықпау керек, көп жұмыс істеп, өз ісін, өз кәсібін сүю керек,» - деп атап өтті. Қазіргі кезде жас мамандарды, ғалымдарды қолдау үшін көп жұмыс жасалуда, осы бағытта Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі үлкен жұмыстар атқарып жатыр.  Біздің қызметте бәріміз бірігіп шешімін табатын жаңа міндеттер тұр.  

 

     

ҚР ДСМ ҚДСК «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК базасында  

11 желтоқсаннан бастап «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты  персоналды арнайы даярлау» атты оқу курсы жүргізілуде.

ҚР ПІБ СО «СЭСО» РСК, «Алматы» халықаралық әуежайының мамандары курс тыңдаушылары болып табылады.

 

Курстың оқу бағдарламасында мынадай негізгі радиациялық гигиена мәселелері: радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; иондаушы сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК); ИСК биологиялық әсері; медицинадағы радиациялық қауіпсіздік; қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы; жеке дозиметрлік бақылау; қоршаған орта мониторингі, оны бағалау; радиациялық қауіпсіздік саласындағы  әдістер, зертханалық бақылау; дозиметрлік бақылау (радон, гамма-фон, метал сынықтары); дозиметрлік бақылау жабдықтары мен аспаптары, жүргізілген зерттеу бойынша математикалық өңдеу және т.б. қамтылатын болады. 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны