ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Ақпан 2018
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК базасында  22 мамырдан бастап «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты  персоналды арнайы даярлау» атты екі апталық оқу курсы жүргізілуде.

 «№1 Емхана» КМК, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Алия және Ко» ЖШС мамандары курс тыңдаушылары болып табылады.

Курстың оқу бағдарламасында мынадай негізгі радиациялық гигиена мәселелер: радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; иондаушы сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК); ИСК биологиялық әсері; медицинадағы радиациялық қауіпсіздік; қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануы; жеке дозиметрлік бақылау; қоршаған орта мониторингі, оны бағалау; радиациялық қауіпсіздік саласындағы  әдістер, зертханалық бақылау; дозиметрлік бақылау (радон, гамма-фон, метал сынықтары); дозиметрлік бақылау жабдықтары мен аспаптары, жүргізілген зерттеу бойынша математикалық өңдеу және т.б. қамтылатын болады.

      Республиканың қоғамдық денсаулық сақтау органдары  тұрғындарға  таратылатын ауыз судың сапасын  үнемі бақылауда ұстайды.

     Орталықтандырылған сумен жабдықтау  жүйесінің ауыз су сапасы өткен кезең ішінде тұрақты болып қалып отыр. 

     2017 жылдың 5  айында  судың  11602  сынамасы зертханалық жағынан тексерілді, олардың ішінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша                        1сынама    немесе 1,5% сәйкес келмеді (2016 жылғы 5  айда  - 2,2%).

2017 жылыШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» (әрі -СЭСжМҒПО )Павлодар облысында қан соратын жәндіктерге қарсы ғылыми қолдау қызметін жүргізу үшін мемлекеттік тендерді жеңіп алды.Бұл ғылыми жұмыс негізіндеПавлодар, Ақсу ққ.  және Ертіс өзенінің жеті жағалау аудандарында: Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжье, Май, Павлодаросы жылы алғаш рет энтомологиялық мониторинг және  шіркейлер мен масаларды жоюға арналған дезинсекция шаралары өтеді. Бұл шара жер және әуедегіөңдеулерді қоса есептегенде  Ертіс өзенінің  жағалауындағы 800км.-дей аумақты қамтиды.

Байқаудың қорытындылары бойыншағылыми топқа СЭСжМҒПО мамандары, Павлодар облысының ШЖҚ РМК филиалының «Ұлттық сараптама орталығы» (әрі - ҰСО) және  Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (әрі-ПМУ): энтомологтар, паразитологтар, биологтар, эпидемиологтар, магистранттар кірді.

СЭСжМҒПОғылыми тобымен лайықты және рационалды энтомологиялық мониторинг қамтамасыз ету үшінәдістемелік негіз дайындалды, оның ішінде: «Павлодар облысында қан соратын жәндіктерге қарсы және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етутуралы жол картасығылыми сүйемелдеуі», жұмыс кестесі, стандартты операциялық рәсімдер мен энтомологиялық мониторингті тіркеу формалары бар.Сонымен қатар, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында жұмыс тобындағыСЭСжМҒПО және  4 аумақтық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері (әрі -ТҚҚД)мамандарымен «дезинсекция және дератизация әдістемелік ұсыныстары» жобасы жасалды,онда негізгі ұстанымдар, қансорғыш жәндіктерге қарсы шара тактикалары сипатталған.

Ғылыми топпен 3-4 сәуірде 2017 жылы ҰСО және ТҚҚД Павлодар облысын қалалық және аудандық кеңселер мамандарына,ПМУ және басқа қатысы бар мекемелерге  энтомологиялық мониторинг жүргізуге арналған тренинг өткізілді.  

Осы жылдың3-сәуірінен бастап  ғылыми топтың қолдауымен шыбын-шіркейдіңбақылаудағысу қойнауларында көбеюітексерілүде және жоғарыда аталып кеткен  аудандарды паспорттау жүргізілүде. Мамандар қан соратын жәндіктідердің сандарын,олардың фенологиясына күнделіктіэнтомологиялық мониторинг жүргізіп отыр. Бақылаудағы су бекеттерініңгеографиялық координаттары  болашақта ГИС-картасына енгізу мақсатында есепке алынуда.

СЭСжМҒПО, Айкимбаев атындағыҚКЗИҒЗжәне Павлодар ҰСО филиалының микробиологиялық зертханаларында  шіркейлердің жұмыртқаларын жоюға арналған Бактицид деген препараттыңтехникалық сипаттамаларына сәйкестігі зерттелді.

Ағымды жылдың 23 сәуірінен бастап барлық пилоттық административты аумақтардамаляриялық емес масалардың жұмыртқаларыныңқарқынды  дамуы байқалады (1,2, және 3 стадиясында).Павлодар және Ақсу ққ.  су қойналарында жұмыртқаға қарсы өңдеу өткізілді. 

 

Қазақстанда Еуропалық Иммундау апталығын өткізудің шаралар жоспарын жүзеге асыру  барысында  Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және  мониторинг  ғылыми-практикалық  орталығымен Алматы қаласында 23 сәуір 2017 жылы өткен YI «Марафон-2017» Қайырымдылық спорттық шарасына 100 астам  қатысушылардың қатысуын ұйымдастырды.

Бұл алаң  тұрғындар арасында вакцинация сұрақтарының  кеңінен наси хатталуы және  иммундаудың маңыздылығы туралы  ақпарат тарату үшін қолданылды.

«Алматы Марафон – 2017» - Орта Азия  көлеміндегі ең ауқымды  жүгіру жарысы болып саналады,  осы жылы  алтыншы рет өткізілп отыр және оған  12000-ға жуық спортшылар қатысты.   

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және  мониторинг  ғылыми-практикалық  орталығымен ұйымдастырылған «Вакцинология» командасы «Экиден» командалық эстафетасына қатысқан 79 команданың ішінде жүлделі 2-ші орынды жеңіп алып,  Орта Азия елдеріінің ішіндегі ең ауқымды  жарыстың тарихына енді.

 

2017ж.  10-12 сәуірде  Болгарияда  София қаласында  лейшманиозды эпидқадағалау және бақылау бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюросының аймақтық кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Штаб-пәтердің және ДДСҰ Еуропалық бюросының өкілдері,  Аймақтың  18 елінен Ұлттық үйлестірушілер  қатысты. Қазақстаннан Ж.Ж.Шапиева (СЭСжМҒПО) «Қазақстанда лейшманиозды эпидқадағалау» тақырыбында баяндама жасап қатысты және М.Ж.Халықова (Оңтүстік Қазақстан облысы ТҚҚД) қатысты.

Кеңес бағдарламасына сәйкес, әлемдегі және Аймақ елдеріндегі  лейшманиоз бойынша қазіргі санэпиджағдай, эпидқадағалаудың және ұлттық бағдарламалардың өзекті бағыттары мен проблемалары, энтомологиялық және эпидемиологиялық мониторинг жағдайы бойынша еларалық ақпарат алмасу, бақылау және алдын алу шараларын орындау, ДДСҰ тарапынан елдерге көмек көрсету мүмкіндіктері мен перспективалары мәселелері қаралды және  талқыланды.

ДДСҰ Еуропалық бюросы жаңа бағдарлама - LeishMan Network ұсынды, ол Аймақтағы лейшманиозбен сырқаттанушылық жағдайын  онлайн режиміне  енгізуге   және  санэпиджағдайды шұғыл талдау  мақсатында елдердегі деректер базасын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

ДДСҰ сарапшыларының деректері бойынша, қазіргі таңда әлемде 431 млн. адамда висцеральды лейшманиоз (ВЛ) ауруын жұқтыру қаупі бар, 616 млн  адамда тері лейшманиозын (ТЛ) жұқтыру қаупі бар.  25 ел жоғары эндемиялық аймаққа жатады. Жыл сайын 50 000 – 90 000 висцеральды  лейшманиоз,  0,7-1,3 млн тері лейшманиоз жағдайлары тіркеледі.

Латын Америкасында висцеральды лейшманиоз күрделі мәселе болып отыр, әсіресе Бразилияда жыл сайын 3 700 жағдай тіркеледі. ВЛ және АИТВ ко-инфекциясы сырқаттанушылығының өсу үрдісі байқалады: 2001-2002 жж. – 20- 40 жағдай, 2007-2008 жж.– 90-125 жағдай., 2012 ж. – 210 жағдай. Африканың  Судан, Сомали, Уганда, Кения елдерінде ВЛ бойынша эпиджағдай қолайсыз. Оңтүстік Шығыс Азияда (негізінен бұл Үндістан, Бангладеш, Непал) висцеральды лейшманиоз ауруының төмендеу үрдісі байқалады: егер он  жылдан астам уақыт бұрын жыл сайын 50 000-ға дейін жағдай тіркелсе, 2014-2015 жж. 10 000 жағдайдан тіркелген. 

Еуропалық аймақтағы лейшманиозбен сырқаттанушылық деректері  төменде келтірілген кестеде көрсетілген. Аймақтағы эпиджағдай салыстырмалы түрде тұрақты, бұл аурудың висцеральды және терілік түрлері тіркеледі; жекелеген  елдерде сырқаттанушылықтың артуы байқалады.

 

 

 

 

 

Кесте - 2013-2016 жж. ДДСҰ Еуропалық аймағы елдеріндегі тері және висцеральды лейшманиоз (ТЛ, ВЛ) бойынша жағдай.

Елдер

ТЛ

ВЛ

2013

2014

2015

2016

2013

2014

2015

2016

Өлім-жітім жағдайы

Әзербайжан

33

15

18

35

14

6

28

35

м/ж

Армения

-

-

-

-

7

9

18

17

4

Грузия

5

0

1

0

99

45

51

51

1

Қазақстан

14

14

24

179

-

-

1

-

1

Қырғызстан

Лейшманиозға эпидқадағалау жүргізілмейді

Ресей 

5

4

2

1

3

1

1

2

-

Түркменстан

59

55

49

52

-

-

-

1

-

Тәжікстан

86

128

83

60

63

47

26

25

5

Албания

2013г. – 56 жағдай., 2014г. – 37 жағдай. (клиникалық нысандар бойынша бөлінбейді)

Болгария

-

-

-

-

13

12

5

3

1

Греция

1

1

4

14

75

82

64

57

3

Израиль

323

345

226

218

7

1

4

1

2

Испания

176

525

м/ж 

м/ж 

176

191

170

н/д

4

Италия

78-96 жағдай (жылдар бойынша жағдай динамикасы жоқ)

м/ж 

45-77 жағдай (жылдар бойынша жағдай динамикасы жоқ)

м/ж 

м/ж 

Македония

-

-

-

-

20

11

4

5

1

Түркия 

2268

1678

1986

1471

33

22

23

23

-

Франция

93

84

110

77

17

16

18

24

-

Черногория

-

-

-

-

4

3

5

6

1

                     

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны