ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Ақпан 2018
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

     Европалық иммундау апталығы қарсаңында  2017 жылғы 19 сәуірде Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы (әрі қарай - СЭСжМҒПО) «Вакцинология» ҚБ-мен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы инфекциялық аурулардың вакциналық профилактикасының өзекті мәселелері» атты тақырыпта «Интерфакс Казахстан» ақпаратты агенттігінде пресс-конференция өткізді.  

Пресс-конференцияда А.М. Айқымбаев - м.ғ.д., СЭСжМҒПО профессор-консультанты,  А.М.Қуатбаева – м.ғ.к., СЭСжМҒПО-ның Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу департаменті директорының орынбасары, Г.А.Мухамбетова - м.ғ.д., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (әрі қарай - ҚазҰМУ) неврология және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Г.Т.Ташенова – ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ассистенті, РҚ ДСМ штаттан тыс бас педиатры, К.Х.Абдижаббарова– ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, Ы.Абдулахад - Алматы қ. «Әскер Ата» мешіті имамының көмекшісі баяндама жасады, С.Е.Есентаева - м.ғ.д., Ғылыми медицина қоғамының басшысы және БАҚ өкілдері (КТК, Алматы, Хабар, «Караван», Экспресс-К, Эксперт здоровья, Казфармвестник, 365 info, Инвиво Веритас, Радио Азаттык) қатысты.   

Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы вакцинамен басқарылатын жұқпалар бойынша эпидемиологиялық жағдайы туралы, соның ішінде Алматы қаласы бойынша, Европалық иммундау аптасының мақсаттары мен міндеттері, халықты иммундауды ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері, тәуекел топтардағы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың вакцинаға көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері, сонымен қатар шетелге шығатын тұлғаларға екпе жасау, халықты иммундау барысында туындайтын мәселелер және вакциналау мәселелері жөнінде діни ұйымдардың ұстанымдары туралы айтылды.

Халықтың әлеуметтік жұмылдыру топтарын вакциналау мәселелері қаралды

 Пресс-конференция барысында БАҚ өкілдері қойған сұрақтарына толық жауаптарын алды. 

Әл-Фараби кітапханасында  2017 жылы  7 сәуірде EXPO 2017 дүниежүзілік көрмесіне арналған IV Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде  "Қоршаған орта қауіпсіздігі және денсаулық. Заттар қауіпсіздігі: ЭЫДҰ бағдарламалық бағыттарын іске асыру" тақырыбында мультидисциплинарлы секция өтті. Бұған  "Ресей медициналық үздіксіз кәсіби білім беру академиясының" ҚКБ ФМБМ сарапшысы Х.Х.Хамидулина (Ресей) қатысты.

Бұл іс-шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі медицина факультетінің  гигиена және эпидемиология кафедрасы  ұйымдастырды.

           Секция барысында нанобөлшектерді алу тәсілдерін зерттеу нәтижелері, олардың физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық әсерлері, тауарлар мен медициналық және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдарды өндіруде,  экологиялық проблемаларды шешуде  наноматериалдарды пайдалану мүмкіндігін бағалау мәселелері талқыланды және тәжірибе алмасты.

           Конференция жұмысына СЭСжМҒПО радиологиялық зерттеу зертханасының мамандары қатысты.

            Конференция біткен соң қатысушыларға халықаралық сертификат берілді.

         

Ақмола облысы   Щучинск қ. «Балдаурен»  РОСО-да 2017 жылы 6 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған,  жазғы уақытта оқушылардың демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері жөнінде республикалық семинаркеңес өтті.

Семинарда демалысты ұйымдастыру бойынша барлық қызметтердің  ведомствоаралық үйлестіру мәселелері қаралды.

Семинарға қатысушылар балалардың қауіпсіз бос уақытын қамтамасыз ету бойынша бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады. 

«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК санитарлық дәрігері, м.ғ.к.  Г.С. Какимова семинарға қатысып, баяндама жасады.

 Европалық иммундау апталығы қарсаңында  2017 жылғы 3 сәуірде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы «Вакцинология» ҚБ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы инфекциялық аурулардың вакциналық профилактикасының өзекті мәселелері» (әрі қарай - Конференция) тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.      

Конференция жұмысында ТҚҚК аумақтық департаменттерінің 160 практикалық мамандары мен медицина қызметкерлері және Денсаулық сақтау басқармаларының облыстық және Алматы, Астана қалаларының, сондай-ақ ведомстолық қызметтің мамандары қатысты.      

Конференция барысында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың әлемдік деректері, жаңадан еңгізілетін эпидемиологялық зерттеу нәтижелері, профилактикалық екпе күнтізбесінде аралас вакциналардың болуы, жеке мемлекеттер күнтізбелерінің ерекшеліктері, тәуекел топтардағы балаларды иммундау ерекшеліктерінің мәселелері, соның ішінде неврологиялық ақаулары бар тұлғалар, иммундаудан кейінгі қолайсыз көрсетілімдердің дифференциалды диагностикасы, вакциналық профилактика мәселелері бойынша халықтың коммуникациялық проблемалары мен олардан бас тартуы және басқа да иммундаудың өзекті мәселелері талқыланды. 

 Конференция пікірсайыс алаңына айналды, онда вакциналаудың тәжірибелік аспектілері, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесінде вакцинаның жоғары эпидемиологиялық, иммунологиялық тиімділік мәселелері, иммунология саласындағы жетекші ғалымдардың қатысуымен: профессор Гринберг Дэвид (Израиль, Бершева, Сорока Университеті, Балалар инфекциялық аурулар орталығының директоры),  Евгений Шпеер (Ресей, Мәскеу қаласы), Шмелева Наталья Петровна (Республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығы, Беларус Республикасы, Минск қаласы), сонымен қатар отандық ғалымдар Каральник Борис  Вольфович, м.ғ.д, профессор, Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, Рамазанова Бахыт Амануйловна, м.ғ.д., профессор С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті (әрі қарай – ҚазҰМУ), Мухамбетова Гульнар Амерзаевна, м.ғ.к., ҚазҰМУ-дың неврология және нейрохирургия кафедрасының профессорлары және басқалармен талқыланды. Ақтөбе облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасарыМ.У.Сербаев халықты әлеуметтік жұмылдыру жөнінде жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    

                    

Алматы қаласында «Алтын-Қарғалы» санаторийінде 2017 жылы 5 - 7 сәуірде  республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл семинарды «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптамалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Салалық кәсіподақ  2015 жылы 26 қазанда мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасында 5 дербес жергілікті кәсіподақты және 132 бастауыш ұйымды біріктіріп отыр. Былтыр 2016 жылы 11 - 12 ақпанда Салалық  кәсіподақтың 1-ші Съезі   өткізілген еді.Үш тараптық Салалық келісімнің негізінде Салалық кәсіподақ «2016 жылдың Үздік ұжымдық шарты» конкурсын өткізді. Осы семинар-кеңесте Комитеттің ведомстволық бағыныстағы органдары мен ұйымдары арасында өткізілген «2016 жылдың Үздік ұжымдық шарты» конкурсының қорытындысы шығарылып, ең үздік Ұжымдық шартқа «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК ие болды.Кәсіподақ ұйымдастырушысы дипломмен марапатталды. 3 күндік  семинар-кеңесте Еңбек құқығының негіздері, Еңбек шарты және оны тоқтату тәртібі, Кәсіподақ органдарында салықтық және қаржылық есеп беру мәселелері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің негізінде айтылды. Семинар-кеңеске қатысушылар Ұжымдық шарт бойынша көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салып, ой-пікір бөлісті.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны