ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Ақпан 2018
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

Есепті кезеңде апта сайынғы мониторинг деректері бойынша Ақмола (3), Алматы (2), Шығыс Қазақстан (1), Қостанай (1) облыстарында және Алматы қ. (1) зертханалық расталған кене энцефалитінің 8 жағдайы тіркелді (2014 ж. – 6). Одан басқа, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы мен Астана қ. аумақтарында кене энцефалитінің ықтимал 10 жағдайы тіркелді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда, халық арасында кене шаққан адамдардың дәрігерге қаралу саны 11,7 %-ға өсті; барлығы 6207 адам дәрігер көмегіне жүгінді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 3018 (48,6%), 2014 жылы - 5553 адам және 2243(40,4%) сәйкесінше. Серопрофилактика пункттерінде иммуноглобулинмен 5896 адам (95,0%) профилактикалық ем қабылдады, 2014 жылы – 5195 адам (93,6%).

Иммуноглобулин қабылдамаған адамдар саны – 311 (5,0%), оның ішінде мед. қарсылық білдіру, бас тарту – 43,1%, дәрігерге кеш қаралуы – 34,7%, медициналық көрсеткіштер бойынша – 22,2%.

Кенелер белсенділігінің маусымы басталғаннан бері СЭСМҒПО-ға кене шаққан 390 адам қаралды, шаққан кенелердін түрі анықталып, кене энцефалитінің вирусын анықтау мақсатында серологиялық зерттеулер жүргізілді. Онын ішінде 144 кенеде энцефалит вирусы анықталды (36,9%).

Алматы қ. басқа эндемиялық аумақтарда 2046,04 га көлемінде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді (Алматы облысы – 1552,5 га, Шығыс Қазақстан облысы – 493,54 га).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2015 жылғы 4 маусымда «Оқу басылымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Бұл шарағаоқу кітаптарын шығаратын 10баспаның өкілдері және СЭСжМҒПО-ның, Алматы қ. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарышақырылды.Дөңгелек үстелде оқулықтар шығаруға қойылатын нормативтік талаптарды сақтау жөнінде өзекті мәселелер және оқу басылымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойыншаГигиеналық нормативтердің жобасы талқыланды.

Ағымдағы жылы СЭСжМҒПО паразиттік аурулар мониторингі және тәуекелдерді бағалау бөлімінің зертханасы безгек ауруының диагностикасы бойынша сапаны сырттай бағалау халықаралық бағдарламасына қатысты.

Сапаны сыртай бағалауды Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Ынтымақтастық орталығы болып есептелетін София қаласындағы (Болгария) Инфекциялық және паразиттік аурулар ұлттық орталығының Тропикалық және паразиттік аурулар референс-зертханасы жүргізді.

Бақылау 2 сатыда өтті. Бірінші сатыда соқыр препараттар пакетіндегі паразитемияның түрі, кезеңі және деңгейі айқындалды. Екіншісінде – СЭСжМҒПО-дан зерттеу нәтижелерінің талап етілетін сипатымен рутиндік препараттарды (оң және теріс) қайта бақылаудан өткізу үшін референс-зертханаға жіберілді.

СЭСжМҒПО паразиттік аурулар мониторингі және тәуекелдерді бағалау бөлімінің зертханасына 2 сатылы тестілеудің қанағаттанарлық нәтижелері бойынша «Сапаны сырттай бағалау сертификаты» берілді.

Сапаны сырттай бағалауға қатысу және сертификаттаудан өту сыртқы органдардың безгек ауруының диагностикасы бойынша зертхананың жұмыс сапасын ресми түрде мойындауына ықпал жасайды, халықаралық зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді, зерттеулердің нәтижелілігін арттырады және қызметкерлердің құзыреттілігін растайды.

Сапаны сырттай бағалау жұмыс істеп жатқан кез келген зертханалардың міндетті іс-шарасы болып табылады және клиенттерге (дәрігерлерге, пациенттерге және денсаулық сақтау саласының ведомстволарына) зертхана нақты нәтиже береді деген сенімділік тудырады.

2015 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде салтанатты жиналыс болып өтті.

Департамент басшысы Н.Беркімбаева мамандарды салтанатты түрде құттықтап, мемелекеттік рәміздердің еліміздің саяси Егемендігі мен Тәуелсіздігінің құрылуындағы маңызын атап өтті.

«Мемлекеттік рәміздер- ел мақтанышы» тақырыбына баяндама жасалды. Әр елдің мемлекеттік рәміздері елінің ішкі және сыртқы саясатының маңызын, халқының арманын айқындайды.

Жиналыста салтанатты түрде жаңа орналасқан мамандардың қызметтік анттары қабылданып, куәліктері тапсырылды.

Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мектеп директорлары және мектеп жанындағы лагерь басшылары, мектеп асханаларының жеке кәсіпкерлері, медициналық қызметкерлердің қатысуымен № 3 орта мектебінде 2015 жылдың 21 мамыр күні семинар өткізілді.

Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары А.С.Мұратова ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтар № 178 қауылысымен бекітілген «Санаториялық және сауықтыру обьектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптары» санитариялық қағидасын түсіндіру туралы семинар кенесті ашты.

Санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау және техникалық регламенттерінін сақталуын қадағалау бөлімінің маманы А.Батырхайрова ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 қаңтар № 178 қауылысымен бекітілген «Санаториялық және сауықтыру обьектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптары», 2011 жылғы 30 желтоқсан № 1665 қауылысымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптары», санитариялық қағидаларын түсіндіру және тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралар туралы баяндама жасады.

Кездесу аясында кәсіпкерлер сұрақтарын бере отырып,нақты жауаптарды алды .

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында түсіндіру, ағарту жұмыстары туралы

Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандарымен шаштараз, монша, косметология кабинеттерінін жеке кәсіпкерлері арасында 2015 жылдың 28 мамыр күні семинар - кеңес өткізілді.

Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы Г.Сулейменова «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірді.

Санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау және техникалық регламенттерінін сақталуын қадағалау бөлімінің жетекші маманы С.Хасанова № 94, 17.01.2012 Қазақстан Республикасы Үкіметінін қауылысымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы обьектілерге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидасы туралы баяндама жасады.

Кездесу жиналған жұмысшылар сұрақтарын бере отырып,нақты жауаптарды алды .

«Атырау жылу жүйелері» АҚ жұмысшылары арасында 2015 жылдың 28 мамыр күні кездесу өткізілді.

Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы Г.Сулейменова «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндірді.

Санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау және техникалық регламенттерінін сақталуын қадағалау бөлімінің жетекші маманы Р.Кушкалиева № 93, 17.01.2012 Қазақстан Республикасы Үкіметінін қауылысымен бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидасы туралы баяндама жасады.

Кездесу жиналған жұмысшылар сұрақтарын бере отырып,нақты жауаптарды алды .

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны