ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Ақпан 2018
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

        8-наурыз - ең әдемі, ең жарқын көктем мерекесі – халықаралық әйелдер мейрамы. Мерекенің өзі де ресми аталып өтетін мекерелердің ішіндегі ең кереметі. Бастапқыда бұл мерекенің түп-төркінінде тарихи астар болғанмен, қазіргі кезде көктемнің, махаббаттың сонымен қатар, ғажайып арулардың мейрамы.

       Кәсіпорынның Бас директоры Е.Дүрімбетов мекеменің әйелдер қауымын көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, өмірдің бар сәттіліктерін, отбасының амандығы мен шаңырақтың шаттығын тіледі. Кәсіпорын басшылығы атынан еңбекте ерекшеленген бірнеше әйел азаматтар: АҚЕжСЭМД-нің санитарлық дәрігері Г.Н.Казакова, ИжПАЭМД-нің санитарлық дәрігері Ш.Р.Алдабергенова, ҒҰжДКБББ-ның маманы                Г.К. Сарманбетова, мекеменің бухгалтері Т.Б.Нуралина және Елфутина С.А., Малибековалар алғыс хатпен марапатталды.

       Ұжымдағы жігіттер қауымы салтанатқа жиналған барлық әйелдерге гүл  ұсынып,  сыйлықтар үлестірді.  Келуші қыз-келіншектердің күлімдеген жүздерінен, ерекше көңіл-күйлерінен осынау әсем көктемнің лебі сезілгендей. Салтанатты шара одан әрі әріптестеріне ұжымның ер-азаматтары дайындаған үлкен концерттік бағдарламамен жалғасты.  Олардың әрбір ән тартуы  қыз-келіншектерге жасалған үлкен марапат, ерекше сый  болды.  

       

                                          

2016 жылы республика бойынша жұқпалы және паразиттік аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Республика аумағында  сырқаттанушылықтың 99 нозологиялық түріне санақ пен тіркеу жүргізілді. Сонымен, өткен кезеңде 22 жұқпалы ауруларбойынша төмендегенгі және 17 нозологиясы бойынша сырқаттанушылықпен тасмалдаушылық тіркелмегені белгіленді, сонымен қатар 22 жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың артқаны белгіленді.

Обаның, тырысқақтың, А, В және С паратифтерінің, пастереллездің, легионер ауруларының, дифтерияның, жіті полиомиелиттің, туа біткен қызамықтың, жіті вирусты Е және Д гепатиттерінің, В типті гемофильдік инфекциялардың, эпидемиологиялық бөртпе сүзегі, анкилостомидоздар, висцеральдік лейшманиоздің және бөртпе сүзегінің тасымалдаушы қоздырғыштарының, дифтерияның, безгектің паразит тасымалдаушыларының жағдайлары тіркелмеген.

Сырқаттанушылықтың: қызылша 19,5 есеге, менингококкты инфекция 3,6 есеге, көкжөтел 2,3 есеге, жіті вирусты гепатиттер 4,7%-ға, соның ішінде жіті вирусты В гепатиті 43,4%-ға, дизентерия 39,8%-ға, бруцеллез 22,7%-ға, туберкулез 23,6%-ға, оның ішінде тыныс алу органдарының туберкулезі 8,7%-ға; сальмонеллезды инфекция 14,2%-ға, іріңді менингит 12,1%-ға, жіті ішек жұқпасы 9%-ға төмендегені байқалады. 2015 жылға қарағанда тамақтан улану 5,9%-ға төмен тіркелді, ротовирус инфекциясының сырқаттанушылығы 4,9%-ға, сифилис 10%-ға төмендеген; риккетсиоздар 6 жағдайға; эхинококкоз 5 жағдайға және эпидемиялық паротит 1 жағдайға төмендеген.

Листериоз және  геморрагиялық қызба 1,6 есе; жіті вирусты С (32,3%-ға) және А (10,9%-ға) гепатиттері; педикулез 20%-ға; қышыма 8%-ға; созылмалы вирусты гепатиттер 6%-ға, соның ішінде дельта агентінсізсозылмалы вирусты В гепатиттері 7,9%-ға, дельтамен СВГВ 9 жағдайға және созылмалы вирусты С гепатиттері 4,8%-ға сырқаттанушылықтың артқаны тіркелді. Лептоспироз 10 жағдайға, кене энцефалиті 8 жағдайға, ботулизм 6 жағдайға, энтероколитик иерсиниеден туындаған энтериттер 3 жағдайға, қызылша және безгектің  2 жағдайға артқандығы байқалады. 

         2016 жылы күйдіргінің 19 жағдайы, туляремияның 6 жағдайы және трихинеллездің 22 жағдайы тіркелген.

Инфекциялық аурулардың алдын алуда мынадай қарапайым қағидаларды сақтау керектігін естеріңізге салғымыз келеді:

·        салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйықтау, таза ауада дем алу, белсенді демалыс, үйлесімді, дәруменге бай тамақтану), бұл кез келген инфекциямен күресуде организмге көмектеседі; 

·        сатып алынған өнімдердің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімін мұқият қадағалау қажет;

·        жеке гигиена ережесін қатаң сақтау керек (тамақты дайындар алдында және тамақ ішердің алдында, жануарларды ұстағаннан кейін, дәретханаға барғаннан кейін қолды мұқият сабындап жуу);

·        тағам өнімдерін арнайы сатуға рұқсат етілген орындардан алу керек;

·        шомылуға арналған арнайы орындарда ғана шомылу қажет;

·        қайнатылған, бөтелкедегі немесе кепілдендірілген сапалы суды қолдану керек;

·        тұрғын үйде үнемі тазалықты, жеке гигиенаны сақтап, балаларға қайнатылмаған сүт өнімдерін, шикі жұмыртқаны бермеу керек, тағам дайындауға тек балғын өнімдерді қолдану  қажет;

·        жіті ішек жұқпасының белгілері болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі және тағы басқа белгілер) дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

 

 

 

 

Президент Нұрсұлтан Әбішұлының: «Бұл – ғасырға, жүз жылдыққа тең келетін жылдар», - деген сөзі қанатты сөз болып естіледі.

Мемлекеттің бүкіл тыныс-тіршілігінің негізі тәуелсіздік болып табылады. Нақ Тәуелсіздікті нығайту – барлық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі мағыналық өзегі. Сонымен қатар, бұл өте маңызды құндылық. Мемлекет және еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздікті сақтау үшін бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

Еркіндік. Тәуелсіздік алғаннанкейін ел, халық және әразамат өзінің болашағын өзідер бес құрудашынайы бостандыққа қол жеткізді.  

Бірлік. Тәуелсіздік алған жылдардың басынан-ақ Қазақстан тең құқылыққа, достық пен келісімге негізделген барша халықтың бірлігін өздамуының негізі етіп алды. Осы жылдардың бәрінде Қазақстан сол қағиданы берік ұстанып келеді.

Ел бірлігін сақтау және нығайту - ең жоғарғы адамгершілік.

Тұрақтылық. Қазақстан өзінің барлық жетістіктері үшін елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірін сипаттайтын тұрақтылыққа қарыздар. Сондай-ақ жасампаздық пен өркендеу.

        Қазақ халқы көп ғасырлардан бері Тәуелсіздікке ұмтылып келді. Тәуелсіздікке қол жеткізуде көптеген ұрпақтың орасан еңбегі бар. Сондықтан мерекелеу әрбір қазақстандық үшін ерекше мәнге әрі маңызға ие болмақ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – 2016 жылдың ғана емес, тәуелсіз мемлекеттің барлық жылдарының қорытындысы. Қазіргі таңда әлемдік қоғамдастық Қазақстанның орнықты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет құру жөніндегі  жетістіктерін, жүргізіп отырған ұлттық бірлікті нығайтудағы саясатын жоғары бағалайды. Тәуелсіз Қазақстан аса беделді халықаралық ұйымдарды басқарды.  

25 жыл бұрын тәуелсіздікке қол жеткізе отырып, Қазақстан халқы дамудың жаңа жолына аяқ басты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заң қабылданды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арқасында Қазақстан алғаш рет әлемдік қоғамдастық мойындаған, заңды ресімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды.Бұл заманалық оқиға – біздің халқымыздың көптеген ұрпақтарының орындалған армандары мен үміттерінің нәтижесі.Егемен дамудың 25 жылы ішінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енді, Стратегия – 2030-ды мерзімінен бұрын іске асырды, Бес институционалдық реформалар мен Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады. Осы жылдары Қазақстан әлемдік саясатта айбынды күші бар Еуразия мемлекеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Бірлік пен береке – біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Тәуелсіздік халықты Ассамблеяның – бейбітшілік пен келісімді сақтаушының біртұтас шаңырағының астында тұтастыра түсті. Біздің рухани бірлігіміз – зайырлы мемлекет пен қоғамның басты іргетасы».

Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық аренадаүлкен беделге ие, еліміз халықаралық 70 ұйымның мүшесі болып табылады. Тәуелсіздік - бұл, ең алдымен, еліміздің экономикалық әл-ауқаттылығы. Қалыптасу кезеңдерінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін  артты, туу деңгейі өсті. Халық санының ВІӨ көлемі 40 есеге өскеніне қарамастан, негізгі капиталдағы инвестиция көлемі де  артты.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандықтар өз елімізді бірге құруға тарихи мүмкіндік алды. 25 жыл бойы тарихи дамуда  жұлқыныс жасап, еліміздің азаматтары күшті, динамикалық, заманауи мемлекет құруда еңбек етті. Бірліктің, ұйымшылдығының, рухының табандылығының арқасында қазақстандықтар экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткізді. Бұның барлығы бірлескен еңбектің нәтижесі. Қазақстан мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа сатысына шықты.Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына ойдағыдай кіруі үшін Бірыңғай Болашақ Ұлт қалыптастыруда жалпыұлттық саяси идея Ұлт жоспарының базалық  векторы болды.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істей бастады. 2015 жылы республика 43 орын алған әлемдік жетекші сарапшылардың топ-парақшасына кірді. Бюджеттік ұйымдардағы қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы, зейнетақысы және әлеуметтік жәрдемақысы өсуде. Бұл ретте қазіргі жағдайда өз халқына осындай кепілдіктер ұсынуға қандай-да бір мемлекеттің дайын еместігін атап кету керек.

Біздің Отанымыздың астанасы – әдемі де көркем Астана. Оның жаңа орамдарында, алаңдарында, саябақтары мен сәулеткерлік шедеврлерінде біздің Тәуелсіздігіміздің Ұлы Тарихы айнадағыдай көрінеді. Астанаға деген сүйіспеншілік – әрбір қазақстандықтың перзенттік сезімі. Астана көз алдымызда күннен күнге көркейіп, құлпыра түсуде, қазір әлемдік деңгейдегі астана болып саналады.   

 Қазақстанның денсаулығы саласында көптеген істер жасалынып, жетістіктерге жетті. Ең алдымен, елімізде жаңа аурухана, емхана, медициналық орталықтар салынып жатыр,  оларды жаңа, заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру толық жүргізілуде, Қазақстан медиктері қазіргі таңда күрделі операция жасап жатыр, көптеген қауіпті ауруларды жеңуде.

Осының барлығына елдегі әрбір азаматтың тер төге еңбекетуінің нәтижесінде жетті. Еңбек әр қазақстандықты мейірбан, ал елді ұлы етеді. 

СЭСжМҒПО-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысболды. 2016 жыл – бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі ерекше кезеңді бейнелейтін жыл. 25 жыл аралығында қазақстандықтар  тарихи дамуда таң қалдыратын қадам жасап, Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың төрағалық етуімен заманауи, серпінді, күшті мемлекетті құруда еңбек етуде. Бірліктің, рухымыздың тұтастығы мен батылдығының арқасында Қазақстан экономикалық даму, азаматтық келісімге қол жеткізді.  

Бұл мереке күндері еліміздің дамуына жандарын салған, өз жұмысына толық күш сала білгендердің өшпес жауынгерлік еңбегін атап өту қалыптасқан.

СЭСжМҒПО Бас директоры Еркін Ермекұлы Дүрімбетов мерекелік жиналысты ашып, көтеріңкі көңіл-күймен келіп отырған ұжымның жақсы нәтижелермен осы күнге жетіп отырғанын мақтанышпен айтты. Көптеген жоспарды біз мақтан тұтатын жетістіктерге айналдыра алдық. Қазақстан біздің мемлекетіміздің Елбасымен ұсынылған бес институционалдық реформаларынан бастау алатын мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа кезеңіне шықты. Ұлт жоспарының базалық векторы болып дүниежүзілік ең дамыған мемлекеттердің 30 қатарына Қазақстанның табысты кіруі үшін Жалпыға ортақ ұлт болашағын құрастыру мағынасы жатқан  жалпы ұлттық идеясы танылды.Болашақта қазақстандықтарды біздің қасиетті және лайықты ел атағына жетуде көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.

СЭСжМҒПО-ның ерекше көзге түскен қызметкерлері медальдермен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

СЭСжМҒПОБас директорының бірінші орынбасарыА.В.Магай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне - 25 жыл» медалімен марапатталды. Бұл  медальмен КжАҚИМД эпидемиолог дәрігері И.И.Куклиновский, ВИ РЗ меңгерушісі Г.Е.Нусупбаевада марапатталды.

                                     

ҚР Үкіметінің Құрмет грамотасымен  радиологиялық зерттеу зертханасының меңгерушісі М.Н.Бурханова, ҚР ҰЭМ-нің Құрмет грамотасымен СГМжТБД директорының орынбасары С.О.Тастанбаев, ТҚҚК төрағасының Құрмет грамотасымен ИжПАЭМД директоры М.А.Смагул, ИБжДМБ эпидемиолог дәрігері К.К. Аяпбергенов, ТӨБ ж басқ. ХЗРЗ зертханашысы Жаникеева марапатталды.

Сонымен қатар СЭСжМҒПО-ның ерекшеленген басқа да қызметкерлері мекеме әкімшілігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Ерекше марапаттаулар да болды. Мысалы, эпидемиолог дәрігер Р.А.Сеитова ҚР ТЖМ Құрмет медалімен марапатталды. Рита Аппасовнаның жетістіктерін айрықша атап өтті.

Қазақстан күші - оның талантты адамдарында. Олардың ақыл-ойын, тілектерін тыңдап, бір-бірін тануда. Ғылыми орталықтың қызметкерлері орындаған Қазақстан халқының ұлттық билерімен ешкімді де немқұрайлы қалдырмады. Көрермендердің көзайымы болған орталықтың бишілеріне СЭСжМҒПО Бас директорының орынбасары С.Ф.Шарипова белгілі кинотеатрдан кино көруге, белгілі бір кафеден тамақ ішуге шақырту билетін және тәтті жүлделерді тапсырды. Ал өзбек халқының ұлттық биін нақышына келтіре билеген жұпқа мекеме басшысы Еркін Дүрімбетов ақшалай сыйақы берді. 

            

СЭСжМҒПО-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналысқа қатысқандар тәуелсіз Қазақстан мен оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрді.  2011 жылы желтоқсан айында ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «ҚР Мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мереке болып белгіленді.

Тарихқа үңілетін болсақ, 1 желтоқсан кездейсоқ таңдап алынған күн емес, 1991 жылы тап осы күні республика Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Сайлауға қатысқан 88,2% сайлаушылардың ішінде басым дауыспен 98,7% жеңіске жетіп, Н.Ә.Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды. Тұңғыш Президент 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы Заңға қол қойды. Ал алты күннен кейін  - 1991 жылы 16 желтоқсанда – Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанның егеменді тәуелсіз ел болғандығын білдірді.  Қазіргі таңда Қазақстан заманауи демократиялық мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасында елімізді әлем танып жатыр.   

СЭСжМҒПО Бас директоры м.ғ.к. Еркін Ермекұлы Дүрімбетов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуі жайлы, жаңа Астананың қалыптасуы мен құрылуы жолындағы жұмыстар жөнінде айтып шықты. - Маған Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу бұйырды. Алғашқы кездесу 90-жылдардың басында болды, ол кезде, мен жас маманмын, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқардым. Өңірді әлеуметтік дамыту жөніндегі кеңеске Нұрсұлтан Әбішұлының өзі келді, сол кезде Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы  болатын. Шешілмей жатқан мәселелер мен проблемалар ол кезде аз емес еді, Нұрсұлтан Әбішұлының денсаулық сақтау саласындағы хал- ахуалды өте жақсы меңгергені мені таң қалдырды, медицинадағы болып жатқан барлық жағдайлардан хабардар еді,  барлық аурулар туралы білді және де сол кездегі денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге дайын еді.  Оның құзіреттілігі оған деген құрметті тудырды. Сосын жұмыс Астанада жалғасты, біздің командаға тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасын дамытып, аббаттандыру мәселесін шешуге тура келді. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа ауруханалардың салынуына, олардың заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылуына көп көңіл бөледі. Астанада ең үздік дәрігерлер болуы тиіс деп, үнемі біздің Президент атап өтеді, - деп айтты Еркін Дүрімбетов. 

Е.Е.Дүрімбетов Тұңғыш Президент күні мерекесімен ұжымды құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі және біздің ортақ үйіміз – егеменді Қазақстанары қарай көркейе берсін деген тілегін білдірді.

           

                                  

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны