ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментерінен түскен мәліметтер бойынша, 2011 жылдың 2-тоқсанындағы орталықтандырылған су құбырларынан алынған ауыз судың сапасы республика бойынша бірқалыпты жағдайда қалып отыр.
Жалпы республикада зерттеуге алынған ауыз судың сапасы микробиологиялық көрсеткіш бойынша 1,4 пайызы, санитарлық-химиялық көрсеткіші бойынша 1,8 пайызы сәйкес келмеген.
Жоғарғы көрсеткіштер Қызылорда облысында 6,9 және 6,4 пайыз, Ақмола облысында 3,2 және 7,1 пайызды құрайды.

Коммуналдық гигиена бөлімі

Астана қаласы. ҚР ДСМ МСЭҚК Астана қаласы бойынша департаменті камералық бөлімі бар типтік санитарлық өткізгіш салынғанын хабарлайды, бұл жұқпалы және паразитарлық аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бұл объектіде жұқпалы аурулар ошақтарындағы (туберкулез, вирустық гепатит және т.б.), тері-жұқпалы (қышыма, трихофития, педикулез) және аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарындағы және ТЖ болған кезде химиялық жұқтыруда киім-кешекке және төсек орындарға, жұмсақ керек-жарақтарға камералық дезинфекция жүргізіледі

Астана қаласында камералық бөлімі бар санитарлық өткізгіштің ашылуы Санэпидсараптама орталығы қызметкерлері жұмысының жұмыс жағдайын сақтай отырып, қажетті деңгейде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

Астана қаласы. ҚР ДСМ МСЭҚК Астана қаласы бойынша Департаменті вирусты инфекциялардың түрлерін анықтауды күшейтуде және тамақ өнімдерінде ГМО анықтау жұмыстарын кеңейтуде.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тамақ өнімдерін бақылау және аса қауіпті жұқпалы ауруларды диагностикалау бойынша мамандандырылған, зональды және референс зертханаларды ұйымдастыруды өзіне қосатын зертханалық қызметті одан әрі жетілдіру концепциясын орындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің «Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК базасында 2011 жылдың 29 тамызынан бастап осы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті мамандар жұмыс жасайтын зональды вирусологиялық зертхана құрылды.

Зональды вирусологиялық зертхананың негізгі мақсаттарының бірі – тұмаудың диагностикасы, жіті респираторлық вирусты инфекцияларды генді-молекулярлық деңгейде анықтау, жасуша тіндерінде тұмау штамын бөліп алу, бөлініп алынған тұмау штамының типін және подтипін анықтау. Бұл жұмыстар Астана қаласының аумағында жыл бойы тұмау вирусының айналымы мен өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл зертхананың ашылуымен тамақ өнімдерінде генді-молекулярлық деңгейде сапалық және сандық әдістермен ГМО анықтауға зерттеулер жүргізу кеңейеді, бұл зерттеулер республиканың 5 солтүстік өңірі (Қарағанды, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар) және Астана қаласы санитарлық қызметтерінде жүргізіледі.

ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафонын шеңберінде өтіп жатқан «Мектепке - жол» республикалық акциясына ҚР ДСМ МСЭҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметкерлері де өз үлестерін қосты.

Санитариялық дәрігерлермен «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе қалалық филиалы ұсынған әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан мектеп жасындағы 3 балаға жалпы сомасы 37000 теңге құрайтын қажетті киімдер сатып алынды.

ҚР ДСМ МСЭҚК Ақтөбе облысы

бойынша департаменті

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ