ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

ҚР ДСМ ҚДСК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және  мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК-да  кадрлық және құқықтық жұмысты ұйымдастыру департаментінің  ұйымдастыруымен 03.11.2017ж. сағат 10.00-де «Мемлекеттік тіл саясаты: жетістіктері, проблемалары және шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Сүлеймен Демирел ат. университеттің кеңесшісі, филол. ғ. докторы, профессор Дандай Ысқақ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филол. ғ. кандидаты Жанар Жұмабаева; С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қалыпты анатомия кафедрасының доценті, мед.ғ.кандидаты Б.Ш.Шәкенов, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, Республикалық терминкомның денсаулық сақтау саласы бойынша сарапшысы Н.Ә.Төлеева, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушісі, филол. ғ.кандидаты Б.Ә.Қалымбет, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі ресми өкілі Анар Бейсенқызы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қ. Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Байғали Әбдәліұлы және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы  республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми орталықтардың тіл мамандары қатысты. Мекеме басшысы Е.Е.Дүрімбетов дөңгелек үстелдің модераторы болды.

         Шарада мемлекеттік тіл саясатының жетістіктері, проблемалары, шешу жолдары, терминология мәселесі, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі, қолданыстағы медицина терминдерінің ұтымды баламаларын пайдалану жолдары, мемлекеттік тіл бағдарламасының құрамдас бөлігі - Қазтест туралы мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға мекеме басшысы Алғыс хат, сертификат тапсырды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 2017 жылғы 15 желтоқсан - 2018 жылғы 18 қаңтар аралығында ҚР ДСМ ҚДСК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК «Салауатты ұлт» акциясын  өткізеді. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандары мынадай мәселелер бойынша:

- вакцинация;

- инфекциялық, паразиттік аураулардың алдын алу;

- тамақтан уланудың алдын алу және оны анықтау т.с.с тегін консультация береді.

Сонымен қатар, өткізілген акция аясында Орталық мынадай зерттеу пакетін ұсынады:

ü    «Бақытты балалық шақ» 0-16 жас аралығындағы балаларға арналған.

Пакеттің бағасы  12 807 теңгенің орнына 10 000 теңге.

 

Акция бойынша зерттеу түрлері

Прейскурант бойынша бағасы, теңгемен

Бағасы 10% жеңілдікпен, теңге

Дисбактериозды анықтау (классикалық бактериологиялық әдіс)

3500

3150

Кокк флорасын анықтау (стафилококкқа классикалық бактериологиялық әдіс )

1350

1210

ПТР әдісімен А/В тұмауын зерттеу

6454

5810

Робинович бойынша перианальнді-ректальді қырындыны зерттеу 

1503

1350

Өзімен бірге туу туралы куәлігі болуы тиіс.  

 

ü  «Дені сау ана»жүкті әйелдерге арналған. Пакеттің бағасы  24 459 теңгенің орнына 20 000 теңге.  

 

Акция бойынша зерттеу түрлері

Бағасы, теңге

Бағасы 10% жеңілдікпен, теңге

Лямблия антиденесіне Ig М анықтау

2074

1870

Бруцеллезге материалды анықтау (Серологиялық әдіс (р.Хедельсона, р.Райта) 

3900

3510

Листериозға пассивті гемагглютинациялы реакция (ПГГР)

1240

1120

Листериозға ИФА әдісімен зерттеу

3200

2880

ИФА әдісімен цитамегаловирус  вирусына әдісімен IgМ сыныбындағы антиденелерді анықтау

1800

1620

ИФА әдісімен қызылша вирусына М сыныбындағы иммуноглобулинді анықтау

2941

2650

ИФА әдісімен қарапайым 1 және 2 типті герпес вирусына IgМ сыныбындағы антиденелерді анықтау 

1500

1350

Кокк флорасын анықтау (стафилококкқа классикалық бактериологиялық әдіс )

1350

1210

ПТР әдісімен А/В тұмауын зерттеу 

6454

5810

 

Ұсынылған пакеттердегі жекелеген зерттеулерді жасаған  кезде зерттеудің әр түріне  10 % - жеңілдік беріледі.  

Сұрақтар туындаған жағдайда  мына телефондарға хабарласуға болады:

+7 (727) 375-94-27

+7 (727) 277-95-13

+7 (727) 375-94-12

+7 (727) 375-61-55 

Сайт: www.npc-ses.kz 

Бізді мынадай әлеуметтік желілерден таба аласыз

 

NPCSEEM 

 

Алматы қ., Әуезов көш., 84 (Сатпаев көш. қиылысы)

26 қыркүйек күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшылығымен және  Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің, ҚР Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қатысуымен аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері және Алматы, Астана қалалары және облыстардың денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарларына кеңес өткізілді.

Кеңестің негізгі мақсаты ауыр жіті респираторлық жұқпаларды және тұмаутектес ауруларды, тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау қағидаттарын жетілдіру және іске асыру.

Тұмауға қарсы, әсіресе тәуекел топтарын (жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері және т. б.) вакцинациялау мәселесіне ерекше назар аударылды.

 

Орталық Азия аймағындағы ауруларды бақылаудың  және алдын алудың Америкалық орталығының (СДС/ОАА) қолдауымен, Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен кеңес өткізілді.

Тарихи қалыптасу бойынша, Қазақстанның аумағында 100-ден аса тілдер дамуда және қолданылады. Мемлекеттің негізгі заңы - ҚазақстанРеспубликасының  Конституциясында «Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», - деп жазылған.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше тілді білуге шақырады. Қазіргі таңда жас ұрпақ ағылшын тілін үйренуде, өйткені бұл тіл халықаралық деңгейдегі тіл. Бұл – көптеген елдердің ресми тілі. Ана тілін жақсы, жетік білу, шет тілінің мәнерлеп оқу құралдарын пайдалана білу   –адамның қоғамдық және шығармашылық өмірінде әрбір адам үшін сүйініш, мақтаныш. 

2017ж. 3қазанда «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-да ҚР халықтарының Тілдер күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға қоғам қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Осман Асылы Әлиқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының иегері Есетова Гүлшара Есетқызы және Алматы қ. медициналық мекемелерде қызмет істейтін мемлекеттік тіл мамандары шақырылды. СЭСжМҒПО Ғылыми қызмет және дипломнан кейінгі білім басқармасының бастығы, м.ғ.д., профессор Нажметдинова Айман Шаймарданқызы құттықтау сөз сөйледі. 

Қазақстанның латын әліпбиін қабылдауы – бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған еліміздегі реформалық бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі.  ҚазақстанныңПрезиденті үкіметке қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру жоспарын әзірлеуді тапсырды.  Латын әліпбиі, көптеген елдердің, оның ішінде түркі тілдес елдердің тәжірибесі көрсеткендей, латын жазуы емле ережелері, фонетикалық тұрғыдан функционалды және оңай меңгеріледі. Латын графикасы қолданысқа бейімдірек және оңай қолжетімді болып саналады.  

 Қонақтар адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын тіл адамзат үшін қызмет ететіндігін атапөттіТілдің даму тарихы қоғамдық өмірментығызбайланысты. Бұл түсінікті де. Адам қоғамда өмір сүреді. Ол үнемі басқа адамдармен байланыста болады. Тіл қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тіл арқылы адам өз ойын, арман-тілегін, сезімін білдіреді. Әр халықтың тілі – өзіне тән қымбат да қимас қазына болып саналады.

 

 

 

 

Мереке қарсаңында СЭСжМҒПО-да ҚР Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті. СЭСжМҒПО Бас директорының орынбасары С.Ф.Шарипова қызметкерлерді мерекемен құттықтады 

ҚазақстанПрезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанның Конституциясында бостандық негіздері жатыр.Конституция Қазақстандағыхалыққаеңбасты - таңдауқұқығынберді.

1995 жылы30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы (1998 және 2007 жылдардағы кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен) – елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары  адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді.

18 мамыр 2017 жылғы парламент палаталарының бірлескен отырысында, Негізгі заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстан мемлекеттік құрылымы жағынан басқарудың президенттік-парламенттік формалы унитарлы мемлекет болды.

 


Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ