ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Мамыр 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

СЭСжМҒПО-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналысқа қатысқандар тәуелсіз Қазақстан мен оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрді.  2011 жылы желтоқсан айында ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «ҚР Мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мереке болып белгіленді.

Тарихқа үңілетін болсақ, 1 желтоқсан кездейсоқ таңдап алынған күн емес, 1991 жылы тап осы күні республика Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Сайлауға қатысқан 88,2% сайлаушылардың ішінде басым дауыспен 98,7% жеңіске жетіп, Н.Ә.Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды. Тұңғыш Президент 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы Заңға қол қойды. Ал алты күннен кейін  - 1991 жылы 16 желтоқсанда – Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанның егеменді тәуелсіз ел болғандығын білдірді.  Қазіргі таңда Қазақстан заманауи демократиялық мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасында елімізді әлем танып жатыр.   

СЭСжМҒПО Бас директоры м.ғ.к. Еркін Ермекұлы Дүрімбетов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуі жайлы, жаңа Астананың қалыптасуы мен құрылуы жолындағы жұмыстар жөнінде айтып шықты. - Маған Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу бұйырды. Алғашқы кездесу 90-жылдардың басында болды, ол кезде, мен жас маманмын, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқардым. Өңірді әлеуметтік дамыту жөніндегі кеңеске Нұрсұлтан Әбішұлының өзі келді, сол кезде Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы  болатын. Шешілмей жатқан мәселелер мен проблемалар ол кезде аз емес еді, Нұрсұлтан Әбішұлының денсаулық сақтау саласындағы хал- ахуалды өте жақсы меңгергені мені таң қалдырды, медицинадағы болып жатқан барлық жағдайлардан хабардар еді,  барлық аурулар туралы білді және де сол кездегі денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге дайын еді.  Оның құзіреттілігі оған деген құрметті тудырды. Сосын жұмыс Астанада жалғасты, біздің командаға тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасын дамытып, аббаттандыру мәселесін шешуге тура келді. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа ауруханалардың салынуына, олардың заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылуына көп көңіл бөледі. Астанада ең үздік дәрігерлер болуы тиіс деп, үнемі біздің Президент атап өтеді, - деп айтты Еркін Дүрімбетов. 

Е.Е.Дүрімбетов Тұңғыш Президент күні мерекесімен ұжымды құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі және біздің ортақ үйіміз – егеменді Қазақстанары қарай көркейе берсін деген тілегін білдірді.

           

                                  

ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының селекторлық кеңесінің 18.08.2016 ж. хаттамалық тапсырмасына сәйкес ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК базасында ағымдағы жылдың 15-17 қараша аралығында кене инфекцияларын таратушыларды энтомологиялық мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу жөнінде тренинг ұйымдастырылды және өткізілді.

Тренинг жұмысына Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының ТҚҚД бас мамандары қатысты.

Тренинг барысында Қазақстан Республикасындағы кене инфекцияларының эпидемиологиялық жағдайы және оларды қадағалау, иксод  кенелерін энтомологиялық мониторингілеу және оларға қарсы күресу мәселелері, кене энцефалитін зертханалық диагностикалау әдістерінің өзекті мәселелері қаралды. Облыстық ТҚҚД мамандары кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда  (Алматы, Шығыс Қазақстан облысы және  Алматы қаласы) иксод кенелерін энтомологиялық мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу жөнінде презентация көрсетті.

Кенелердің түрлік құрамын анықтау бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Тренинг барысында энтомологиялық іс-шараларды көрсету мақсатында жылжымалы тренинг ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда республикада тұрғындардың кене энцефалитімен сырқаттанушылығының артуы байқалады, бұдан басқа, бұл аурудан қайтыс болу жағдайлары тіркелуде, жыл сайын иксод кенелері шаққан адамдардың саны өсіп отыр. Кене инфекцияларын таратушыларды энтомологиялық мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша ұйымдастырылған тренинг кене энцефалитімен сырқаттанушылықты  азайту мақсатында осы мақсатта жұмыс істеуді күшейтуге мүмкіндік береді .

 

2016 жылы 9 қарашада сағат 11-00-деСЭСМГПО базасында «Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық ахуал»деген тақырыпта баспасөз конференциясы (санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының 2-ші қабаты) өткізілді.

Баспасөз конференциясының жұмысына практикалық дәрігерлер, инфекционистер, эпидемиолог дәрігерлер және ғалымдар қатысты. Республиканың жетекші телеарналарынан (Хабар, КТК, СТВ) және радиодан журналистер шақырылды.

Баспасөз конференциясы барысында республика тұрғындары арасында,  оның ішінде жекелеген тәуекел топтары бойынша (жүкті әйелдер, 1 жасқа дейінгі балалар) ЖРВИ мен тұмау сырқаттанушылығы жөнінде, ағымдағы эпидмаусымда тұмау вирусының айналма штаммдарын болжау бойынша, клиника ерекшеліктері туралы; тұмаудың зертханалық диагностикасы мен спецификалық және спецификалық емес профилактикасы жөнінде мәселелер қаралды. Қазақстанда жыл сайын этиологиясы тұмау емес  респираторлық инфекциялардың (РС вирустар, аденовирус, паратұмау және т.б.) белсенді қоздырғыш айналымына байланысты  қараша айынан бастап  ЖРВИ сырқаттанушылығының көтерілуі байқалады, ЖРВИ мен тұмау сырқаттанушылығының көтерілу шыңы, әдеттегідей, қаңтар, ақпан айларына келеді.

Жыл сайын  эпидмаусымда 600 - 1 млн. астам ЖРВИ мен тұмау жағдайы тіркеледі.

Республика бойынша тіркелген маусымдық ЖРВИ аурушылдығының деңгейі бақылау деңгейлерінен асқан жоқ.

Эпидемиологиялық кезеңнін басынан 76 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді, ауырғандардың негізігі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрады (67%).

Тұмау ауруы тіркелген жоқ.

Бұл жағдайда, вакцинация – тұмауға қарсы өте тиімді алдын алу әдісі. Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін республика аумағында тіркелген вакциналардың кез келгенін пайдалануға болады.

Қазақстанда  жыл сайын эпидемия алдындағы кезеңде тұрғындарды егу үшін қаражат бөлінеді. Сөйтіп, 2016-2017 жж. эпидкезеңде аумақтық атқару органдары орталықтандырылған тәсілмен вакцина сатып алу үшін 1 241 582 334 тг. бөлді.

         Қазан қаласында (Татарстан, РФ) 2016 жылдың 1- 2 қарашасында «Элиминациялаудың верфикация кезеңінде қызылша мен қызамықты эпидемиологиялық қадағалау» атты өңірлік кеңес өтті, оған ТМД елдерінің мамандары қатысты.  

Бұл кеңестің мақсаты - қызылша мен қызамықты элиминациялаудың верфикация кезеңіндегі осы инфекциялардың алдын алу шараларын жетілдіру, қызылша мен қызамықты эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша ТМД елдерінен қатысқан мемлекеттермен өзара іс- қимылды үйлестіру.

Бұл кеңеске Қазақстан мемлекетінен ҚР ҰЭМ ТҚҚК өкілі мен СЭСжМҒПО виусологиялық Ұлттық референс зертханасының маманы қатысты, 2015-2016 жылдардағы қызылша мен қызамық бойынша эпидемиологиялық жағдай және Қазақстанда айналымда жүрген генотиптердің молекулярлы – генетикалық сипаттамасы туралы баяндама жасалды.

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК базасында  7 қараша - 12 караша аралығында  «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында оқу курсы өткізілді.

Курстың оқу бағдарламасында радиациялық қауіпсіздіктің мынадай негізгі мәселелері қамтылды: радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; иондаушы сәулелену көздері (бұдан әрі – ИСК); ИСК биологиялық әсері; медицинадағы радиациялық қауіпсіздік; қоршаған ортаның радиоактивті заттарының ластануы; жеке дозиметрлік бақылау; қоршаған орта мониторингі, оны бағалау; радиациялық қауіпсіздік саласындағы  әдістер, зертханалық бақылау; дозиметрлік бақылау (радон, гамма-фон, метал сынықтары); дозиметрлік бақылау жабдықтары мен аспаптары, жүргізілген зерттеу бойынша математикалық өңдеу және т.б.

Курс соңында тыңдаушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етілді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны