ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Без категории

              Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында республикамыздың өміріндегі елеулі оқиғаға – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті. Бұл көрме экспозициясына «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданы бойынша филиалының шақыруымен барған жас мамандарымыз Кульбаракова Жұлдыз, Қожахметова Наргиза, Жанбаева Айжан қатысты. Олар халық назарына керемет сәнделген және жаңа шығармашылық оймен жасалған тағамдарды ұсынды. ҚР ДСМ ШЖҚ-ғы РМК-ның «СЭСжМҒПО» филиалының ұжымы қыздарымызға алғыс айтады, олардың шеберлігін, дарынын және шығармашылық көзқарасын жоғары бағалайды.   

astana

В библиотеке Казахского Национального университета им. Аль-Фараби, проходила выставка, посвящённая  значимому  событию в жизни  нашей Республики  юбилейной дате 20 –летию  города Астана. В данной  Выставочной экспозиции , по приглашению Бостандыкского  районного филиала партии « Нур Отан», принимали участие  наши молодые специалисты Кульбаракова Жулдыз,Кожахметова Наргиза, Жанбаева Айжан, которые  представили  потрясающие  по оформлению и творческому подходу блюда.  Коллектив Филиала «НПЦСЭЭ иМ» РГП на ПХВ «НЦОЗ» МЗ РК благодарит Наших девушек,  высоко ценит их мастерство, талант и творческий подход.

 

astana

Медицина қызметкерлері күнінің қарсаңында "СЭСжМҒПО" филиалында  салтанатты жиналыс өтті. Ғылыми орталықтың директоры м.а. Е.Дүрімбетов ұжымды кәсіби  мерекемен құттықтады. 

- Медицинамен кездеспеген адам жоқ шығар, - деді өз сөзінде Еркін Ермекұлы, өйткені әр адам ұзақ және белсенді өмір сүруге тырысады, ал ол үшін аурудың пайда болуының алдын алу керек, егер пайда болса емдеу қажет. Медицина қызметкерлеріне адамдар ең қымбаттысын - өздерінің және жақындарының денсаулығын сеніп тапсырады, ол дәрігерлерден заманауи білімді, жан-тәнімен толық беріліп жұмыс істеуді және адамгершілік қасиетті талап етеді.

         - Жуырда ғана "СЭСжМҒПО" филиалына Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов келді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ғылыми орталықтағы зертханалардың жұмысымен танысты, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі бірқатар маңызды міндеттерді айқындап, орталықтың ұжымымен кездесті. "СЭСжМҒПО-ның"  жұмысын оң бағалау – барлығымыз үшін үлкен мәртебе, - деп атап өтті Еркін Дүрімбетов.    
        "СЭСжМҒПО-ның" Құрмет грамотасымен С.О.Тастанбаев, А.М.Тулеуов, Н.Ж.Тлеумбетова,   М.К.Смагулова, И.С.Алимбекова, Л.К. Касабекова, Г.Т.Усманова, А.К.Жуллаева, Г.Ж.Сатыбалдиева, О.Н.Кожанов, Алғыс хатымен Б.К.Муратов, Ермекбаева А., Ш.Давлет, И.Н.Беляева, У.А.Калыков, "Нұр Отан" партиясының Бостандық аудандық филиалының Грамотасымен Д.М.Абденбеков, Е.Б. Нурдаулетов,  Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен Г.Б.Толемисова, Ж.Е.Кульбаракова,  Салалық кәсіподақтың Алғыс хатымен Ю.А.Дартау, Қ.Азатұлы марапатталды.
 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының және Internet – ProMed торынан 2018 жылғы 31 мамыр айының мәліметтері бойынша аса қауіпті жұқпалар мен қайта пайда болған жұқпалар бойынша әлемдегі эпидемиялық жағдайы күрделі болуда.

Оба ауруымен әлемде 5 адам сырқаттанған, оның ішінде: Мадагаскарда - 4 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ, Боливияда - 1 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталды.

Тырысқақпен әлемде – 103 226 адам сырқаттанып, олардың 361 қайтыс болған. Оның ішінде: Африканың 12 елінде (Танзания - 321 жағдайы тіркеліп, 7 адам қайтыс болды), (Уганда - 668 жағдайы тіркеліп, 26 адам қайтыс болды), (Замбия - 867 жағдайы тіркеліп, 78 адам қайтыс болды), (Зимбабве - 110 жағдай, 4 адам қайтыс болды), (Нигерия - 608 жағдайы тіркеліп, 53 адам қайтыс болды), (Малави – 731 жағдай, 11 адам қайтыс болды), (Мозамбик – 124 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Сомали – 90 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Кения – 2943 жағдай, 55 адам қайтыс болды), (Намибия - 1 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Конго Демократиялық Республикасы – 1 747 жағдай, 36 адам қайтыс болды), (Ангола – 641 жағдай, 8 адам қайтыс болды); Азияның 4 елінде (Қазақстанға Үндістан елінен аурудың 5 жағдайы алып келінген, өліммен аяқталғаны жоқ), (Йемен – 93 800 жағдай, 61 адам қайтыс болды), (Үндістан - 63 жағдай, 8 адам қайтыс болды), (Сирия – 10 жағдай тіркеліп, 10 адам да қайтыс болды); Американың 3 елінде (Гаити – 492 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Канада - 4 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (АҚШ – 1 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталды).

          Күйдіргі ауруымен әлемде 111 адам сырқаттанған, 1 адам қайтыс болды, оның ішінде: Африканың 2 елінде (Зимбабве – 9 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Уганда - 83 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), Азияның 3 елінде (Грузия- 3 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Үндістан – 13 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Қытай - 3 жағдай, 1 адам қайтыс болды).

Эбола ауруының 37 жағдайы Конго Демократиялық Республикада тіркеліп, 10 адам қайтыс болды.

Сары қызбамен әлемде - 199 адам сырқаттанып, олардың 85 қайтыс болған, оның ішінде: Американың 3 елінде (Аргентина – 2 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Перу - 8 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Бразилия - 183 жағдай, 79 адам қайтыс болды); Еуропада (Германияға Бразилия елінен аурудың 6 жағдайы алып келініп, 5 адам қайтыс болған).

          Ласса қызбасы Африканың 3 елінде - 464 адамның сырқаттануы тіркеліп, 136 адам қайтыс болған, оның ішінде: Нигерия – 431 жағдай тіркеліп, 114 адам қайтыс болды, Бенин - 5 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталғаны жоқ, Либерия - 28 жағдай тіркеліп, 22 адам қайтыс болды.

Денге қызбасымен әлемде – 13 605 адам сырқаттанып, олардың 28 қайтыс болған. Оның ішінде: Американың 3 елінде (Парагвай – 1 167 жағдай, 5 адам қайтыс болды), (Чили - 14 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Бразилия - 5 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Еуропаның 2 елінде (Ресейге 59 жағдай Таиланд, Вьетнам, Индонезия, Үндістан, Бангладеш, Гонконг, Мальдивиядан алып келінген, өліммен аяқталғаны жоқ), (Италияға Таиланд елінен аурудың 1 жағдайы алып келінген, өліммен аяқталғаны жоқ); Азияның 10 елінде (Камбоджа - 367 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Таиланд – 5 868 жағдай, 9 адам қайтыс болды), (Пәкістан – 250 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Танзания - 11 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ) (Үндістан – 807 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Филиппин – 534 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Малайзия – 958 жағдай, 10 адам қайтыс болды), (Қытай – 12 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Жапония – 11 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Сингапур – 394 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Мұхиттың 3 аралында (Жаңа Каледония – 100 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Фиджи - 862 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ), (Реюньон аралы – 2 119 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ).

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен әлемде - 27 адам сырқаттанып, олардың 9 қайтыс болған. Африканың  3 елінде (Уганда - 4 жағдай, 2 адам қайтыс болды), (Намибия – 2 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Мавритания - 1 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Азияның 3 елінде (Пәкістан – 6 жағдай тіркеліп, 5 адам қайтыс болды), (Иран – 10 жағдай, 1 адам қайтыс болды), (Қазақстан – 2 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ); Еуропа (Рессей – 2 жағдай, өліммен аяқталғаны жоқ).

Бүйрек синдромды  геморрагиялық қызбасы ауруының 163 жағдайы Рессейде тіркеліп, өліммен аяқталғаны жоқ.

Туляремия ауруымен 3 жағдай Швейцарияда тіркелген, өліммен аяқталғаны жоқ.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ