ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Паразиттік аурулар мониторингі және тәуекелдерді бағалау бөлімі паразиттік аурулармен күрес және олардың алдын алу, сонымен қатар халықты адамдарға қауіпті қансорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғау бойынша шараларға ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты іске асырады. Бөлімнің негізгі қызметінің өзекті мәселесі медициналық паразитология мен энтомология, эпидемиялогиялық паразиттік және трансмиссивтік табиғи ошақ инфекцияларын қадағалау, ақпараттық-аналитикалық қызметі, паразитарлық аурулардың алдын алу бағдарламасын әзірлеу, санэпид қадағалау органдарының әдістемелік-нормативтік және ғылыми практикалық қызметтерін жетілдіру, паразиттік аурулардың мониторингі, талдауы, сонымен қатар жаңа әдістемелер енгізу және де кадрларды дайындау болып есептеледі.

Қазіргі уақытта бөлім мемлекеттік және халықаралық деңдейде оқытылған білікті мамандармен қамытылған. 2012 жылы бөлімнің бастамасымен мемлекеттің сертификация кампаниясы іске асырылып, нәтижесінде БҰҰ-ның «Безгектен азат ел» мәртебесіне ие болды. 2015 жылы бөлім зертханасы сапаны сырттай бағалау халықаралық процедурасынан өтті.

Бөлім мамандары белсенді түрде халықаралық конференцияларға, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады, және үнемі халықаралық конференциялар жинақтары мен журналдарда атқарған жұмыстарын жариялайды.

Бөлім құрамында зертхана орталықтандырылған су көздерінен алынған ауыз судың паразитарлық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша санитариялық-паразитарлық зерттеулер; су қоймалары мен бассейндердегі суларға; шөлмекке құйылған суларға; ағынды сулар мен олардың шөгіндісіне; өсімдік шикізаты және азық-түлік өнімдеріне; топырақ және құмға; сыртқы ортадан алынған шайындыларға санитарлық-паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі. Адамдарда паразиттік аурулардың қоздырғыштарының болуына клиникалық-диагностикалық зерттеуге кіретіндер: гельминтоздар; адам үшін патогенді қарапайым ішектілер (лямблиоз, криптоспоридиоз, токсоплазмоз және т.б.) безгек қоздырғыштары және басқа да қанды паразиттер; тінді гельминтоздар. Энтомологиялық зерттеулер: шаң кенелерінің мамықтары, қауырсындары; кенелердің, масалардың, шыбын-шіркейлердің және басқа да жәндіктердің түрлерін анықтау.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ