ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Мониторинг деректері бойынша 30 аптада КЭ-нің 37 зертханалық расталған жағдайы тіркелді ол 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш - 0.21 құрайды, 2014 жылы 25 жағдай 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш - 0.14 болған, 1,5 есе жоғарлаған. КЭ жағдайы Жамбыл (1 ж), Қостанай (2 ж), Ақмола (5 ж), Алматы (10 ж), Шығыс Қазақстан (13 ж)  облыстарында және Алматы қ. (6 ж)  тіркелген. Жергілікті – 34 жағдай, сырттан әкелінген – 3 ж. (Ресей -2, Қырғыстан-1).

Былтырғы жылмен салыстырғанда, халық арасында кене шаққан адамдардың дәрігерге қаралу саны 15,0 %-ға өсті; барлығы 8451  адам дәрігер көмегіне жүгінді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны  – 3783 (44,8%),  2014 жылы - 7343 адам және 2942 (40,1%) сәйкесінше. Жалпы 24.07- 31.07.15ж аралығында кене шақан 93 адам  көмекке жүгінді.

Серопрофилактика пункттерінде иммуноглобулинмен 8041 адам (95,1%) профилактикалық ем қабылдады, 2014 жылы – 6922 адам (94,3%).

Кенелер белсенділігінің маусымы басталғаннан бері СЭСМҒПО-ға кене шаққан 517  адам қаралды, шаққан кенелердін түрі анықталып, кене энцефалитінің вирусын анықтау мақсатында серологиялық зерттеулер жүргізілді. Онын ішінде 179 кенеде энцефалит вирусы анықталды (34,6%).

Эндемиялық аумақтарда 4536,73 га көлемінде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді: Алматы қ. – 2462,19 га, Алматы облысы – 1563 га, Шығыс Қазақстан облысы – 511,54 га. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ