ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2015 жылғы 6 тамызда Атырау облыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқанның төрағалығымен селекторлық режимде облыс әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы және Атырау облысында 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу  мәселесі қаралды.  

 Республикада қызылшамен аурушаңдық жағдай 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығы қорытындысымен өткен жылмен салыстырғанда 10,4 есеге  өсіп,  Республика  бойынша 2225 ауру,  оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 674 ауру тіркелгендігі атап өтілді.

 Атырау облысында биылғы жылдың 6 айында 73 қызылша ауруы тіркеліп, аурушаңдық өткен жылдың  осы мерзімімен салыстырғанда 14,3 есеге  жоғарылап отыр. 

          Атырау облысында ақпан айындағы қосымша иммундау кезінде 15-19 жастағы 28237 адам егуге жоспарланып, 16194-і (57,3%) егілді. Алайда республиканың 5 облысында қызылшаға қарсы қосымша иммундаудан кейін 399 жасөспірім дәрігерге қаралған, оның ішінде Атырау облысында 26 адам. Осы себептен қосымша иммундау жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығының  қызылшаға қарсы вакцинаны сараптау   нәтижесі бойынша вакцинаның сапасы қауіпсіздік талаптарына сай. Осыған орай қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстарын  қазан  айында қайта ұйымдастыру  жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдар мен тиісті медициналық ұйымдар басшыларына осы маңызды шараны жауапкершілікпен ұйымдастыруды тапсырды.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ