ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

 Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының  басшысы мен мамандары 2015 жылдың  10-шы  тамызында  Атырау қаласының  №3  орта  мектебінің мәжіліс залында білім  беру  салалары  обьектілеріне қойылатын жаңадан енгізілген санитариялық талаптарды түсіндіру  семинарын  өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарымен бекітілген жалпы білім беру, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім беру, санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар туралы және міндетті медициналық тексеріп-қарау тәртібі туралы жаңадан қабылданған санитариялық қағидалар түсіндірілді.

Семинарға қатысушылар мектептердегі оқушылар парталарын және орындықтарын таңбалау, оқушыларды  жас және бой ерекшеліктеріне сәйкес отырғызу, сабақ кестесінің жүктемесі, ас  мәзірін  жасақтау туралы талаптар  бойынша көптеген сұрақтарға  жауаптар алды. 

 Сонымен қатар, семинарда Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес баламалы тексерулердің жаңа нысандарын енгізу (санитариялық-эпидемиологиялық аудит, өзін-өзі бақылау) туралы мәселе қозғалды.

Семинарға  Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Н.Сайлауова, оның орынбасары А.Абдолов  және Атырау қаласының   барлық жалпы білім беру мектептері мен  балабақшалардың  басшылары, барлығы 85 адам қатысты.

    

Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқрмасының басшысы Т.Мусағалиев қорытынды сөзінде жаңа санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарымен мектептер мен балабақшалардың барлық қызметкерлерін жете таныстыру қажеттігін атап өтті.

 

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ