ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Осы аптада ШҚО ТҚҚ департаментінің Семей аумақтық басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен Семей қ. «Жаңа базар»  ЖШС-нің базарында көкөніс өнімдеріне, оның ішінде бақша өнімдерін экспресс-тексеру акциясы өткізілді. Барлығы 29 сынама алынып, тексерілді. Тексерілген сынамалардың қалдық нитраттар мөлшері бойынша Кедендік одақтың 021/2011 Техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі анықталды.

Облыс бойынша шілде-қазан айларында тұтынушылар  арасында көкөніс сынамаларын, оның ішінде бақша өнімдерін қалдық нитраттар мөлшеріне тексеру жүргізіле отырып, барлығы 16 акция жүргізілді.

Акциялар 44 нысанда жүргізілді (базарлар, дүкендер,сауда нүктелері).

Акция барысында 396 көкөніс сынамалары  қалдық нитраттар мөлшеріне тексерілді. Қалдық нитраттарының артық мөлшері 4 сынамада  анықталды. Талаптарға сай келмейтін сынамалар Өскемен қаласының «Заречный» және «Дина» базарларында айқындалған. Талаптарға сай келмейтін сынамалар бойынша базар басшылығына және жергілікті атқару органдарына аталмыш бақша өнімдерінің қолданысқа жіберілмеуі жөнінде хаттар жіберілді.

           Аумақтық құрылымдар мамандары акциялар барысында тұрғындармен және сауда мекемелері әкімшілігімен санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізді.

 Есептік кезеңде «Нитраттармен уланудың алдын-алу» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында 8 мақала жарық көрді, 156 лекция оқылды, 343 әңгімелесу жүргізілді, 527 парақшалар таратылды.

           Көкөніс өнімдерін өндіруде және саудалауда Кедендік одақтың 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөнінде» Техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін дәләлдейтін декларацияның міндетті түрде болуы және оны алу тәртібі бойынша түсіндіру, тыйым салынған өнімдерді саудалауға жол бермеу бойынша кәсіпкерлер және тұрғындармен санитарлық-ағарту  жұмыстары жүргізілді.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ