ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Өткізілген «Нағыз дін және екпе-бір-біріне

сыйымды ұғымдар!» атты  дөңгелек  үстел  туралы.

Облыс орталығында 2015жылдың 11 тамызында  ШҚО тұтынушылардың құқықтарын  қорғау Департементі және дін істері басқармасымен бірлескен «Нағыз дін және екпе-бір –біріне сыйымды ұғымдар!» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді, оғанШҚО денсаулық сақтаубасқармасы, БАҚ (облыстық теледидар, облыстық және қалалық газеттер), ШҚО бойынша қызыл крест және жарты ай, ШҚО балалар және жастар ұйымдары ассоциациясы өкілдері және Өскемен қаласының орталық мешітінің  бірінші имамы, Өскемен қаласының Богородице-Рождественсий приходының басшысы, «Единство» қоғамдық бірлестіктің басшысы, СӨСҚО басшысы қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – адам денсаулығын сақтау және нығайтуды насихаттау. ШҚО дін істері басқармасының басшысы, облыстық ТҚҚ Департаменті басшысының орынбасары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Өскемен қаласының Богородице-Рождественский приходының басшысы сөйлеп, олар өз сөздерінде:

 - балалар денсаулығын сақтаудағы екпе егудің алатын орнын, ал  дені сау бала –дені сау ұлт , ол біздің мемлекетіміздің табысты болуының кепілі екендігі туралы;

- діни көзқарас бойынша балаларына екпе егуге қарсы ата-аналар санының көбейіп келе жатқандығы туралы;

- жұқпалы аурулардың алдын алудағы  екпе егудің тиімділігі туралы ;

- Республика аумағында қолданылатын вакциналардың қауіпсіздігіне  жүргізілетін бақылау туралы;

- облыс аумағында алдағы өткізілетін қызылшаға қарсы қосымша екпе егу туралы ;

- екпе егуге діннің көзқарасы, шіркеудің екпе егуді қолдайтыны және дін ұстаушылардың арасында екпе егудің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарының жүргізілетіні туралы, балалар үшін вакцинаның маңыздылығы мен қауіпсіқдігі туралы  ата-аналарға ақпарат беру, екпе егуге қарсылық – тұрғындардың діни  сауатсызсыздығынан екендігі туралы  айтып өтті..

Дөңгелек үстелдің соңында ШҚО дін істері басқармасымен, облыстық ТҚҚ Департаментімен және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен еңбектестік туралы меморандумға қол қойылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жұмыста пайдалану үшін келесі кеңестерді қабылдады:

- шыдамды және кішіпейіл болайық, ең бастысы өз отандастарымызға, әсіресе балаларымызға селсоқ қарамайық. Денсаулық сақтау қызметкерлері  жұқпалы ауруларға қарсы салынатын екпелерден бас тарту- балаға да  оның жанындағы адамдарға да қаншалықты қауіпті екендігін жақсы біледі. Осыны жас аналар мен әкелерге  түсіндіруден шаршамаңыздар;

-бұқаралық ақпарат  құралдары  өкілдеріне осы мәселелерді  дәл және шынайы  көрсете білу керек. Естеріңізде болсын! Тексерілмеген ақпаратты жаза отырып, Сіздер  балаларға өкініші кетпес  зиян тигізулеріңіз мүмкін;

-біздің облыстың  қоғамдық ұйымдары  белсенді жастар арасында  жиі көзқарас  қалыптастырады, осыған байланысты насихаттау барысында  денсаулықты сақтаудың және нығайтудың алдын алу  шараларын түсіндіруді енгізу қажет.

 

 

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ