ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2015 жылдың 13 тамызында Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанның орталық коммуникциялар қызметі «Атырау-Ақпарат» ЖШС-ның баспасөз клубында жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Атырау облысындағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы және 15-19 жастағы адамдар арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу сұрақтары бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшылық орынбасары А.Жұмағалиев облыста қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз екенін, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қызылша ауруы 14,6 есе өсіп отырғанын, қызылша ауруынан қорғанудың бірден бір жолы – вакцинация екенін, осы себептен 2015 жылдың 1 қазан айынан бастап облыста 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізілетіндігі туралы айтты.

Журналистерге қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы, егуден кейінгі тіркелетін асқынулар, аталған аурудан қорғанудың шаралары және Департамент пен Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 15-19 жастағы адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау шараларын өткізуге дайындық барысы туралы ақпараттар берілді.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ