ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2015 жылдың 18 тамыз айында Атырау облысы әкімдігінде   облыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқанның төрағалығымен селекторлық режимде «Атырау  облыстық  әкімиятының  2015 жылғы  27 наурыздағы  «Атырау  облысының  білім беру ұйымдарын жаңа 2015 – 2016 оқу жылына уақытылы және сапалы дайындау туралы» №86  қаулысының   орындалуы  туралы»  мәселе қаралды.

Жаңа 2015 – 2016 оқу жылына дайындық барысында  10 мектепте – Атырау қаласы (5), Исатай ауданы (2), Қызылқоға (1), Құрманғазы (1), Махамбет (1)  – күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілуде.

Құлсары қаласындағы  жаңа  №19 «Жалпы білім беретін негізгі мектептің» 300 орындық  мектеп ғимараты қабылданып, облыстағы апаттық ғимараттағы мектептер саны 1-еуге азайды. Апаттық ғимаратта орналасқан Жалғансай орта мектебіне салынып жатқан жаңа мектеп  құрылысы аяқталып,   қабылдау  сатысында.

Мәжіліс хаттамасымен Атырау облысы Білім беру басқармасы мен  Атырау қаласы мен аудандар әкімдеріне 2015 жылдың 25 тамызына дейін:

-          күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауды және білім беру ұйымдарын әзір етуді қамтамасыз ету;

-         жалпы білім беру ұйымдарындағы тамақтандырудың қауіпсіздігін және  сапасын  қамтамасыз ету мақсатында үш жақты меморандум жасақтауды аяқтау және үш жақты Меморандумдардың орындалуын  бақылауды қамтамасыз ету; 

-         облыс прокурорының жанындағы ведомствоаралық жедел кеңесінің  19 мамыр 2015 жылғы хаттамасына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың  жаппай  тамақтан улану жағдайын алдын алу мақсатында тиісті тексеру жүргізу туралы ұсыныспен санитарлық қадағалау органдарына жүгіну тапсырылды.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ