ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – ТҚҚК)  төрағасының 2015 жылғы 09 шілдедегі № 169 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2015 жылы 15 жастан бастап 19 жасты (қоса алғандағы) халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундауды ұйымдастыруды және жүргізуді бақылау жөніндегі  Жол картасының 11-т. іс-шараны іске асыру шеңберінде 10 қыркүйекте «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК базасында  Қазақстан Республикасында 15 жастан бастап 19 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша республикалық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына  ТҚҚК Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері мен облыстардың денсаулық сақтау басқармалары  басшыларының орынбасарлары,  республиканың білім беру жүйесіндегі психологтар мен медицина қызметкерлері, С.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жетекші ғалымдары қатысты.

Семинар барысында дүниежүзіндегі және Еуропа елдеріндегі қызылша бойынша эпидемиологиялық хал-ахуал мәселелері, алдағы күндердегі ҚР-да қызылшаға қарсы қосымша иммундау міндеттері  қаралып, талқыланды.

Ата-аналар мен жасөспірімдердің психологиялық дайындығын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

ҚР ДС ӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» РМК Сынақ орталығының Республикалық иммунобиологиялық зертханасының басшысы Үндістаннан шығарылған қызылшаға қарсы вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын жүргізілген зерттеу нәижелерін баяндады. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ