ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2015 жылдың 28-ші қыркүйегінде Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті,    Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының, Атырау облысы Ветеринария басқармасының басшыларының және мамандарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен құтырудың алдын алу туралы пресс-конференция өткізілді.

Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Е.И. Уайсов бүгін 28 қыркүйек – Халықаралық құтырмамен күрес күнінің кездейсоқ таңдалмағаны жөнінде сөз барысында атап өтті. Дәл сол күні  1895 жылы құтырмаға қарсы вакцинаны ойлап тапқандардың бірі француз микробиологы Луи Пастер қайтыс болған.

Атырау облыстық ТҚҚ департаментінің карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидқадағалау бөлімінің бас маманы З.Ж. Қайреденованың, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Г.К. Латиеваның баяндамалары тыңдалды. 

Өткір вирусты аурулардың ішінде адамдар үшін аса қауіптісі – құтырма.

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес құтыру әлемнің 111 елдерінде тіркеліп, одан жыл сайын 55 мыңға дейін адам қайтыс болып,  1 млн. аса жануарлар өледі.  

         Қазақстан Республикасы аумағында тұрғындар арасында құтырмамен аурушаңдық жыл сайын тіркеледі.

Атырау облысы аумағында соңғы жылдары құтырманың табиғи ошақтарының белсенденуі Құрманғазы, Жылыой, Исатай, Қызылқоға аудандарында байқалады.

Құтырманың соңғы жағдайы 2010 жылы Құрманғазы ауданының Ганюшкин селосында тіркеліп, өзінің иті қауып алғаннан кейін антирабиялық көмекке жүгінбеген 26 жастағы ер адам науқастанған.

         Облыста 1968-2010 жылдар аралығында құтырмадан қайтыс болған адамдардың 17 жағдайы тіркелді. Инфекция көзі болып 11 жағдайда иттер, 5 жағдайда аңдар (түлкі, қасқыр), 1 жағдайда белгісіз аң анықталды. Ауырғандардың ішінде медициналық көмекке жүгінбеген – 12 адам, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген 3 адам және антирабиялық екпе алу кезінде алокоголь ішімдігін пайдалануы салдарынан 2 адам көз жұмды.                                                                                                                                                                                                                                                

Облыс бойынша 2015 жылдың 8 айында тұрғындар арасында жануарлардың қабуы себебімен медициналық көмекке жүгінген 980 адам.

Зардап шегушілердің ішінде иттердің қабуынан жарақат алғандар – 93 %, оның ішінде иесі белгілі иттен – 54,1 % құрады.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ