ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ЖРВИ және тұмау ауруының алдын алу

2015 жылдың 29 қазанында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің  Қарғалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандары Қарғалы орталық ауруханасының емханасында ауданның медицина қызметкерлеріне «ЖРВИ және тұмау ауруының алдын алу» жөнінде семинар сабағын  өткізді.

Семинар барысында «Тұмау және ЖРВИ ауруының  алдын алу шаралары» жайында туындайтын өзекті сұрақтар туралы айтылды. Ақпараттық материалдары бар брошюралар, буклет, жадынамалар таратылды. 

Оқушыларды ыстық тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен  қамтамасыз ету

2015 жылдың 29 қазанында  Ақтөбе облысы  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департаментінің  Мәртөк аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, Мәртөк аудан әкімдігі және Мәртөк аудандық білім бөлімімен бірлескен «Оқушыларды ыстық тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен  қамтамасыз ету» тақырыбындажалпы білім беретін мекемелердің басшылары мен медбикелері арасында  Мәртөк  селосының «Достық үйінде»семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-оқушыларды сапалы ыстық тамақпен және уақытылы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

Семинар барысында сапалы ыстық тамақпен және уақытылы медициналық қызметпен қамтамасыз ету жөнінде кең көлемде түсіндірме жұмысы жүргізілді. 


Брифинг туралы

Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2015 жылдың 9 айында атқарылған іс-шаралар қорытындысы туралы  30.10.2015 жылы БАҚ-тың қатысуымен брифинг өткізді. 

Брифингте жұқпалы аурулардың алдын алу, иммундау көрсеткішін көтеру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бір формасы тауарлардың қауіпсіздігі мониторингісіне қорытынды жасалып, талқыланды.

Департамент алдында жұқпалы аурулардың алдын алу, иммундау көрсеткішін көтеру, санэпидқорытындысыз және хабарламасыз жұмыс жасап жатқан нысандарды анықтау, санитариялық-эпидемиологиялық аудитпен, сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мақсатында жүргізілетін мәселелер тұрғаны атап көрсетілді.

       Санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы түсіндірме          

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269 «Қазақстан Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес  кәсіпкерлерге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу  және өндірістік бақылау (ХАССП жүйесі)  енгізген жағдайда ерекше тәртіппен  жүргізілетін  тексерістерден босатылу мүмкіндіктері беріледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит –эпидемиялық маңызы бар объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеп беру. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудағы объектілері жатады.

         Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті аудитор ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 62-1 бабына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер иелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемдері ескеріле отырып жүргізеді.

Аталған  Кодекстің 62-1 бабы 5,9 тармақтарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет басталғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл жөнінде хабардар етуге, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына  дейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты табыс етуге міндетті және  объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы аудиторлық есеп санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен белгіленген нысан бойынша жасалады.

Сонымен қатар Кодекстің 62-1 бабының 3 тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің оң нәтижелері эпидемиялық маңызы бар объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып табылады. 

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 216 «Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу ережелері туралы» бұйрығы бойынша жеке және заңды тұлғаларға санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу ережелерін анықтайды.

         Бүгінгі таңда департаментке санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметін бастағаны туралы  заңды тұлғадан 3 хабарлама және аудит жүргізілгендігі туралы оң нәтиже алған 4 объектіден аудиторлық есеп келіп түсті.

 

   

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ