ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

«Тамақтан улану мен ішек ауруларының алдын алу» тақырыбындағы семинар

Ақтөбе облысы  тұтынушылардың құқықтарын қорғау  департаментінің  Байғанин аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі ғимаратында «Мектеп пен мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тамақтан улану мен ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында білім нысандары басшыларына семинар өткізді.   

Семинар өткізу барысында қатысушыларға еліміздің тамақтан улану бойынша санитарлық- эпидемиологиялық жағдайы ұсынылып, тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде тамақтануды ұйымдастыруына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарын сақтау сұрақтары талқыланды.

Семинар туралы ақпарат

Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2015 жылдың  9  қарашасында Мәртөк ауданының орталық емханасында «Бүйрек қан безгек ауруын және басқа да аса қауіпті инфекциялардың алдын-алу туралы» тақырыбына  семинар өткізілді.  Семинарға аудандық орталық емханасының, дәрігерлік амбулатория және медициналық пункердің медициналық жұмысшылары  қатысты.

Семинардың мақсаты -  геморрагиялық  қызбасына күдікті науқас анықталғанда  БМСК жүйелерінде мамандардың індетке  қарсы  іс-шараларды жүргізуде дайындығын  жақсарту және  карантинді және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқастар анықталғанда  өзара  әрекет ету тактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту болып табылады.

         

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

 

Ақтөбе облысы  тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы ҚР 04.05.2010 ж. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»  Заңын түсіндіру бойынша   «Мега-Шығыс» сауда орталығының сауда орындарын жалға алушы кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді. Аталған шараға 56 жеке кәсіпкер қатысты.

Кездесу барысында, Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандарына қатысушылар белсенді түрде тауардың тауарлық түрі туралы, оны айырбастау және қайтару туралы, оның ішінде жеке сауда саттық  саласындағы сұрақтар қойылды.  Кездесу соңында мамандар сұрақтарға жауап беріп, тауар сату кезінде туындайтын кәсіпкерлер сұрақтарын мәлімет үшін байқауға қабылдады.

 

Семинар сабағын өткізу туралы

2015 жылдың  10 қарашасында  В.И. Пацаев атындағы № 2  Алға орта мектебінің  мәжіліс залында  Ақтөбе  облысы тұтынушылардың  құқықтарын қорғау департаментінің  Алға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасы  мамандары  және  Алға аудандық орталық аурухананың  салауатты  өмір салты кабинетінің дәрігері, Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері қатысқан  жалпы білім беру мектептері, бала бақша, кәсіптік- техникалық колледж, Ақтөбе облыстық балалар үйінің   медицина қызметкерлері  арасында ЖРВИ, тұмау ауруларының алдын алу тақырыбында  семинар сабағы жүргізілді.

 Семинар сабағы жұмысының жүргізу негізі  ЖРВИ, тұмау ауруларын болдырмау және  алдын алу шаралары.

   ЖРВИ, тұмау ауруларын алдын алу,  салауаттылық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, парақшалар және буклеттер таратылды.

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ