ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Атырау облысы   ТҚҚ  департаменті  басшысы  Ө.З.Зинуллин жұмыс сапарымен Исатай ауданында болды. Іс–сапар барысында ауданда қалыптасқан туберкулез аурушаңдығы бойынша  эпидемиологиялық ахуал және онымен күрес мәселесі туралы мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, облыстық  денсаулық  сақтау басқармасының басшысы, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және аудан  емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты. Мәжілісте Исатай аудандық ТҚҚ басқармасының басшысы  аудан бойынша орын алған туберкулез ауруының эпидемиологиялық көрсеткіштері мен атқарылып  жатырған жұмыстарды баяндады.

Атырау облысы  ТҚҚ  департаменті басшысы туберкулез ауруымен күресте медициналық шаралармен қатар, науқастарды әлеуметтік қолдау жұмыстарының маңызына тоқталды. Бұл бағытта облыс бойынша, соның ішінде аудандарда жеткілікті көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті. Мәжіліс қорытындысымен туберкулез ауруын анықтау, емдеу және алдын алу шараларының  пәрменділігін арттыру, науқастарды әлеуметтік қолдау шараларын белгілеу туралы тиісті органдарға міндеттелді.Аудандағы туберкулезбен күрес жағдайын аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында тыңдау жөнінде ұсыныс енгізілді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ