Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2015 жылдың 20 қарашасында департамент басшысы Ө.Зинуллинің төрағалығыменқұрылыстарды жобалау және экологиялық жобалау қызметімен айналысатын кәсіпкерлік субьектілері басшыларына қалалық, аудандық ТҚҚБбасшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»бұйрығы бойынша оқу семинары өткізілді.
Бағдарламаға сәйкес департамент бөлім басшысы А.С.Искакова «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» туралы, бас мамандар А.Кушкинбаева, Ж.Утепкалиева, Ә.Бекешова, Н.Ислямова қайта бекітілген Санитариялық қағидалар туралы түсіндірді.
Семинарда Алматы қаласындағы «Казэкопроект» ЖШС-ның директоры Т.Байзақов жобалау қызметі бойынша Атырау облысында атқарылып жатқан өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп баяндама жасады.
Кәсіпкерлер семинарға белсене қатысып, сұрақтарға жауап алды.