ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Грузия мемлекетіндегі Тбилиси қаласында  2015 жылғы 25-26 қарашада ДДҰ Еуропалық аймағыелдерінде (бұдан әрі – Аймақ) геогельминтоздармен күресу және олардың алдын алу  ісінде жеткен прогресске арналған Кеңес өтті.

Кеңес  жұмысына    паразиттік аурулар жөніндегі ДДҰ сарашылары, РФ және Грузия  мемлекеттерінің жетекші ғылыми  орталықтарының ғалымдары, сондай-ақкеңеске қатысушы(11) елдердегі санэпидқызметтің  паразитолиялық бөлімдерінің басшылары қатысты.   Ж.Ж.Шапиева (СЭСжМҒПО) «Қазақстанда геогельминтоздардыбақылау және олардың алдын алу» туралы баяндама жасады.

Кеңестің негізгі мақсаты - Аймақ елдерінде геогельминтоздарменкүресу және олардың алдын алу бойынша жеткен нәтижелерді шолу  және жүргізілген іс-шаралар кешеніндесумен жабдықтау, санитария және гигиена бағдарламаларының басты рөлін айқындау.

Кенес отырысында Аймақтағы геогельминтоздарды бақылау және олардыңалдын алу, эпидемиологиялық хал-ахуалдың өзекті мәселелері  бойынша кеңеске қатысушы елдердің баяндамалары қаралып,  талқыланды. ДДҰ Еуропалық офисі «Геогельминтоздардың алдын алу  және олармен күрес жөніндегі рамкалық стратегия» жобасын және геогельминтоздардыэпидқадағалау, ұлттық  жоспарлау, оқыту,диагностикалау  және емдеу бойынша бірқатар жетекші құжаттарды ұсынды. Барлық көрсетілген құжаттар қатысушы елдердің ұсыныстары енгізілгеннен кейін бекітіледі, жарияланады және елдерге жіберіледі.

Стратегия жобасына сәйкес 2020 жылға дейін  Аймақта сумен жабдықтау, санитария және гигиена бағдарламаларын кеңейту және жаппай дегельминтизациялау арқылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар  арасында геогельминтоздармен жұпалану деңгейін 1 пайызғадейін төмендету жоспарланып отыр.

Қазіргі кездеАймақта аскаридоз, стронгилоидоз, токсокароз,трихоцефалезжәне анкилостомидозсияқты геогельминтоздармен сырқаттану жағдайы  тіркелуде. Балалар арасында геогельминтоздарды жұқтыру саны 15 пайыздан  70 пайызға дейін құрап отыр. ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша 4 млн. адам жаппай дегельминтизациялауға мұқтаж.

Қатысқан елдердің баяндамаларына сәйкес ен көп таралған аскаридоз ауруы болып табылады. Соңғы 5 жылдаосымен сырқатанушылықтың жоғары көрсеткіші Тәжікстанда (100 мын адамға шаққанда - 372-503,2), Түркменстанда (тек қана 2014 ж. деректер –100 мың адамға шаққанда - 513,5), Әзірбайжанда (100 мың адамға шаққанда - 300-337 ), Арменияда  (100 мың адамға шаққанда - 152-254), Молдовада (100 мың адамға шаққанда - 90-122), Қырғызстанда (100 мың адамға шаққанда - 84,2-103), азырақ көрсеткіш –  Ресейде (100 мың адамға шаққанда – 18-46), Өзбекстанда (100 мың адамға шаққанда- 19,7-21 ) және Қазақстанда (100мың адамға шаққанда - 8,6-13,7) тіркелген. Грузия мен Румынияда хал-ахуал белгісіз, өйткені геогельминтоздарды есепке алу және тіркеу жүргізілмейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғындардың аскаридоз, стронгилоидоз және токсокароз (бірлі-жарым жағдай) ауруларымен сырқаттанушылығы  кездеседі. Соңғы 10 жыл ішіндетұрғындардың аскаридозбен сырқаттануы  3,12 есеге, стронгилоидозбен сырқаттануы 4 есеге азайды.

Кенес жұмысының қорытындылары  бойынша және ДДҰ  ұсынымдарына сәйкес 2016-2017 жылдарға аумақтық мамандарды ДДҰ жетекші құжаттарымен таныстыру мақсатында геогельминтоздардыңөзекті мәселелері жөнінде Республикалық тренинг өткізу, сонымен қатар геогельминтоздармен күресу және олардың алдын алу бойынша ұлттық жоспар дайында у жоспарланып отыр.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ