2015 жылғы 04 желтоқсанда ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-да Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандардың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандар Ұ.С.Исаева мен А.А.Қалмырзаева мекемеде қолданылатын ісқағаздарының түрлері туралы баяндама жасады.