ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Туберкулезге заманауи көзқарас

 «Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен орта медициналық қызметкерлерінің  арасында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің  қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандары және Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің фтизиатр дәрігерлерінің қатысуымен «Туберкулезге заманауи көзқарас» тақырыбында облыстық конференция өтті.

 Конференцияда қалалық басқарма бас маманы Г. Игілікова  тыңдаушыларға туберкулез ауруының алғашқы белгілері, клиникасы, алдын алу шаралары  туралы ақпарат берді. 

 Шара барысында мастер- класс жүргізілді: Диаскин-тест, Манту сынамасы.  Тәжірибе жүзінде фтизиопедиатрдің ұсынуымен Манту сынамасына оң нәтиже берген балаларға Диаскин-тест жүргізіледі, диагнозды дұрыс анықтап береді.  

 

ЖРВИ  және тұмаудың алдын алу

 

2015 жылдың 18 желтоқсанында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің  Қарғалыаудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы С.Т.Жаманшин  Әлімбет және Ащелисай орта мектебтерінің 9-11 сынып оқушыларына ЖРВИ жәнетұмаудың алдын алу мақсатында семинарлық сабақтар өткізді.

Сабақ  барысында  аудандағы   ЖРВИ және тұмау ауруларының эпидемиологиялық ахуалы, инфекция көзі, аурудың жұғу жолдары, асқынулары мен  алдын алу шаралары туралы түсіндірді.

Ақпараттық материалдары бар брошюралар,  жадынамалар таратылды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күн

2015 жылы 21 желтоқсанында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әйтеке би аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау  басқармасында     «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күн» тақырыбында семинар-кеңес  өткізілді.

Іс- шаралар барысында  Басқарма басшысы И.А.Аяганова «Жат қылықтан сақ болайық»  атты  баяндама  оқыды.

Сыбайлас жемқорлық  туралы   басқарма мамандарына үнпарақшалар  үлестірілді.

  Басқарма мамандары біріге отырып  «Сыбайлас жемқорлыққа  жол жоқ» тақырыбына   қабырға газетін  шығарды.

 

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ