ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ө.З.Зинуллинның төрағалығымен халық арасында тұмау індетінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан  шаралары туралы мәжіліс өтті.

         Мәжіліске облыстық денсаулық сақтау және облыстық білім беру басқарма басшысының орынбасарлары, облыстық аурухана мен жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерлерінің орынбасарлары қатысты.

         Жиналыста облыстағы тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайы және олардың алдын алу шаралары туралы мәселелер талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша халық арасында тұмау аурушаңдығының таралуын алдын – алу мақсатында індетке қарсы шараларын ұйымдастыру туралы нақты шаралар қабылданды.

Ағымдағы эпидмаусымда ЖРВИ-ның 866 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші – 146,1 құрады, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 659 жағдай, өткен эпидмаусымның осы мерзімінде (2014/2015ж.ж.) ЖРВИ-ның  - 975 жағдайы тіркелген (көрсеткіш – 223,2) өткен эпидмаусыммен салыстырғанда аурушаңдық 1,5 есе төмендегені байқалады. Ауруханаға ЖРВИ және тұмаумен 291 адам жатқызылған немесе 33,6%. 

Облыста 45 зертханалық дәлелденген тұмау ауруы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 8 жағдай, жүкті әйелдер арасында – 32 жағдай.

Ағымдағы эпидмаусымда тұмаудан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ