Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «Медициналық қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау өзекті мәселелер» тақырыбында департамент басшысы Ө.Зинуллин төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы, «Тұтынушылар Ұлттық Лигасы» РҚБ Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттінің Атырау облысы бойынша департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары медициналық қызметке ақы төлеу департаментінің басшылары мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында медициналық қызмет көрсету саладағы проблемалық мәселелерді анықтау бойынша шаралар қабылдау, медициналық ұйымдардың жұмысын талдау, тұтынушылардың шағымдарын қабылдау туралы мәселелер қаралды. Жиналыс соңында барлық қатысушылар осы мәселелер шешімі бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныс жасады:
- медициналық көмектердің сапалы болуын қадағалау мақсатында құрылған ішкі аудит қызметінің жұмысын жандадыру;
- халықты ақпарат құралдары арқылы ақысыз кепілді медициналық көмек түрлерімен және медицина мекемелерінде ақылы қызмет көрсету жағдайларымен хабардар ету;
- кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемінде тегін берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз жасау жөнінде халыққа түсінік жұмыстарын өз денгейіне жүргізу;
-діни ұғымдағы ата-аналар үшін балалар арасында вакцинация маңыздылығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу үшін медициналық мекемелерде «қауырт желі» телефондарын ұйымдастыру.