ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Астана қ. бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Батыс Африка, Сьерра-Леонеден әкелінген тропикалық безгек жағдайын тіркеді.

1984 жылы туылған Т. деген науқас Алматы қ. тұрады, уақытша Астана қаласында тұрып жатыр, инженер-жоспарлаушы болып жұмыс істейді.

Эпидемиологиялық тексеру кезінде Т. 2016 ж. 1 қаңтарда ауырған,  дене қызуы 41С дейін көтерілген кезде қалтырау, қызу, терлеу, әлсіздік, бас ауруы, сирек құрғақ жөтел пайда болды. Науқас өз бетінше ыстығын түсіретін дәрі (аспирин, парацетамол, Grippostad және т.б.) ішеді.

         2 қаңтарда дене қызуы  37.5С, аздаған әлсіздік болады, көңіл-күйі жақсарады.

         03.01 - 06.01 аралығында ауру белгілері қайталанды, Т. ыстығын түсіретін дәрілерді ішуді жалғастырды, бұдан басқа, тамағының ангина сияқты ауыруы қосылды.

07.01 жедел жәрдем бригадасын шақырып, «Созылмалы тонзиллит, ЖРВИ» деген диагноз қояды, аумақтық емханаға қаралуға ұсыныс айтып,  антисептикалық ерітінділермен емдеуді тағайындайды.

Т. көңіл-күйі бойынша динамикада 41С дейінгі жоғары дене қызуы, бас ауыруы сақталады. 08.01 ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына емделуге жатқызылады, мұнда безгекке зерттеу үшін қан алады. Нәтижесі - P.falciparum?

         Қан талдауын Астана қ. бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» зертханасына растауға жіберді, мұнда трофозоиттар(+++)P.falciparum табылды, 08.01.16ж. №8 / 15-16 хаттама. СЭСжМҒПО паразиттік инфекциялар референс зертханасының нәтижесі 14.01.16ж. №252: трофозоиттар және гаметоциттер P.falciparum, паразитемия деңгейі ++++.

Клиникалық диагноз: орташа ауыр дәрежедегі тропикалық безгек (расталған жағдай).

Эпидемиологиялық анамнез: Т. Фритаун қ. Сьерра-Леонеден келген, мұнда ол вахталық әдіспен инженер-жоспарлаушы болып жұмыс істейді. Науқастың айтуынша, 2009 - 2015. наурыз аралығындағы кезеңде үш күндік безгекпен шамамен 10 рет ауырған.

27.12.2015ж. Қазақстанға келер алдында Т. дәрігерге қаралған және зертханалық зерттеулерге, соның ішінде безгекке детексерілген. Науқастың айтуынша, зерттеу нәтижесі теріс болған. 28.12 - 12.29.15ж. ол Алматыға тұрғылықты жері бойынша ұшып келеді, ал 30.12 - ата-анасына Астанаға ұшады.

08.01 - 18.01.2016ж. науқас емделуге жатады, белгіленген схема  бойынша артесунатпен емделеді. Бақылау зерттеуде, 13.01 және 18.01 қан препараттарында безгек қоздырғыштары табылған жоқ.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ