ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Әсемдік салондары мен шаштараздар қызметкерлері арасында семинар

Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Парфюмерлік- косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 2011 жылдың 23 қыркүйегіндегі № 799 Кеден одағының Техникалық регламентімен таныстыру мақсатында Ақтөбе қаласындағыәсемдік салондары мен шаштараздар қызметкерлерінесеминар өткізді.

 Семинар барысында басқарма мамандары парфюмерлік- косметикалық өнімдердіңидентификациялық ережелерімен, өнімге және оныңшығарылуынақойылған талаптармен, улы элементтердің сақталуы, салондарда залалсыздандыру-зарарсыздандыру тәртіптерінің орындалуы және  сұлулық салондарындағы құралдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларымен  таныстырды.

Алқа мәжілісі туралы

2016 жылдың 26 қаңтарында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2015 жылдаатқарылған іс-шаралар қорытындысы туралы департамент пен оның аумақтық басқармаларының алқа отырысын өткізді. 

Отырыста жұқпалы және паразитарлы аурулар ахуалы, алдын ала иммундау, 2015-2016 жылғы эпидемиологиялық маусымдағы ЖРВИ және тұмау,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының жыл қорытындысымен атқарылған мәселелері  қаралды.

         Ақтөбе облысында  соңғы  жылдар ішінде облыс аумағында көптеген инфекциялық аурулар нозологиясы  бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды.

         Облыс бойынша 30 нозология бойынша жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, 17 нозологиясы бойынша төмендеген, соның ішінде ЖЖІА 1,7 ретке, шигеллез 5 жағдайға, сальмонеллез 1 жағдайға азайды.

Есепті жылы  тағам және су нысандарымен, ұйымдасқан ұжымдармен, медициналық мекемелермен байланысты  жұқпалы аурулар індеті мен жаппай тағамнан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

Алқа отырысы соңында жұқпалы аурулардың алдын алу, иммундау көрсеткішін жақсарту, еліміздің Елбасының жолдауын және мемлекеттік бағдарламалармен көзделген іс-шараларды іске асыру,Қазақстан Республикасында өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу және оған жол бермеу мақсаттарында бірнеше тапсырмалар берілді.

Тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын-алу шаралары семинарлары

2016 жылдың 27 қаңтарында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары мамандары мен білім беру ұйымдарының басшылары, медицина қызметкерлері арасында тұмау және ЖРВИ  ауруының алдын-алу шаралары туралы семинарлар өткізді. 

Шаралар барыстарында басқармалар мамандары тұмаужәне ЖРВИ ауруының алдын алу шаралары, асқынулары, клиникасы, берілу жолдары туралы баяндады.

Семинарларға қатысушылар қойған сұрақтарға нақты жауап беріліп, көрнекі үнпарақтар мен брошюралар таратылды.

Семинар туралы

       2016 жылдың 22 қаңтарында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің  қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, м.ғ.к. БҚММУ балалар ауруы курсының меңгерушісі, доцент Г.Д. Жұмағалиеваның қатысуымен, қала емханаларының терапиялық бөлімшелерінің меңгерушілері мен инфекционист дәрігерлері, эпидемиолог дәрігерлері арасында  тұмау мен  басқа да  жіті респираторлық  вирусты жұқпалардың  алдын алу жәнеҚР ҰЭМ 2015жылғы 12 наурыздағы №194 «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығын түсіндірумақсатында семинар өткізді.

      Семинар мақсаты – жедел респираторлы вирусты аурулар мен тұмау ауруының алдын –алу.

Шара барысында тыңдаушылар республика мен облыстағы ауру деңгейі, клиникасы,диагностикасы, емделу және жаппай аурудан сақтану жолдары туралы ақпарат алды.

 

 

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ